Ұйықтап жатқан адам қорылдан қайтыс болуы мүмкін бе?

Ұйықтап жатқан адам қорылдан қайтыс болуы мүмкін бе?
Фото: рixabay.com

Қорылдың жеңіл түрі болады. Бұл кезде адам ұйықтап жатып қандай да бір себеппен аздап қорылдайды. Алайда оның қауіпті түрі де бар: ұйықтап жатқан адамның тынысы тоқтайды. Оны апноэ деп атайды. Ұйықтап жатқан адам қорылдан қайтыс болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Аif.ru-ге терапевт және сомнолог Алексей Мелехин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ұйықтап жатып қорылдан өліп кету мүмкін емес екенін түсіну керек. Иә, ұйқы кезінде тыныстың тоқтатуы, яғни апноэ деген түсінік бар. Ұйқы кезінде тыныс алудың тоқтауына әкелетін аурулар бар: эндокринді жүйенің бұзылуы, нейродегенеративті процестердің белсендірілуі, жүрек пен қан тамырларының созылмалы проблемалары. Алайда мұндай өлім жағдайлары өте сирек кездеседі", - дейді Алексей Мелехин.

Маманның айтуынша, бқл аурулар болса, олар жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайы мен денсаулығына, когнитивті денсаулыққа әсер етеді, белгілі бір психикалық бұзылулардың, депрессияның және  астеникалық көріністердің дамуына әкелуі мүмкін. Бірақ одан өліп кету мүмкін емес. Біріншіден, бұл тіпті физиологиялық тұрғыда мүмкін емес. Өйткені, ұйқы кезінде тыныс алу тоқтаса, жүйке жүйесі мен ағза адамды ұйқыдан оятады. Сананы ояту тәсілі ретінде діріл пайда болуы мүмкін. Жаңа туған нәрестелерде де, ересектерде де пайда болатын қорыл зиянсыз, біздің ағзамыз солай құрылған. Одан өліп кету мүмкін емес.

"Тек мынадай сценарийді елестетуге болады: ұйқы кезінде қорылдап жатқан адамға тыныс алуды қиындататын кейбір сыртқы факторлар әсер етті. Мысалы, адам қатты қорылдайды және ол оған қоса, күшті әсер ететін препараттар қабылдайды немесе алкоголь ішеді. Бұл жағдайда түнгі өлім қаупі артады. Себебі мұндай әсер жүрек-қан тамырар жүйесінде қандай да бір өзгерістерге әкелуі мүмкін.  Қорыл өкпенің гипервентиляциясын немесе гиповентиляцияны тудыруы мүмкін. Бірақ тағы да ескертемін, қорылдың өзінен өлу мүмкін емес", - деді маман.

Оқи отырыңыз: Қорылдаудың 8 себебі

А. Жапатова