"Билікте осындай адамдар болуы керек". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлетінін айтты

"Билікте осындай адамдар болуы керек". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 миллион доллар бөлетінін айтты
Фото: әлеуметтік желіден алынған кадр

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз қалың қар ерігеннен кейін ең үлкен көктемгі су тасқынына тап болдық. Қазақстанның 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі сәтте 108 000 адам эвакуацияланды. 5 000-нан аса тұрғын үй су астында қалды, 8 000-нан аса жануар өлді. Табиғи апат Қазақстанмен көршілес Ресейдің Орынбор облысын да зақымдады. Қазір біз су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Біз сіздермен бірге ортақ күшпен зардап шеккен отбасыларға 1 миллион доллар (450 000 000 теңге) бөлеміз. Еріктілерге, құтқарушыларға, бей-жай қарамайтын азаматтарға және басқа елдерден көмекке келген азаматтарға үлкен алғыс білдіреміз. Біз бірге бұл стихияны жеңеміз және одан да мықты бола түсеміз", - деді қара бетперде киген жұмбақ жігіт.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

"Мен осы жігіттің премьер-министр болғанын қалаймын. Билікте осындай адамдар болуы керек", "Адамдарға мемлекет емес, қарапайым адамдар көмектесіп жатырғаны өкінішті", "Сөзім жоқ, алғыс білдіремін", "Біздің заманымыздың қаһарманы", - деп жазды желі қолданушылары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова