"Нақты шешім қабылдап отырмыз". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігіті туралы жаңа дерек белгілі болды

"Нақты шешім қабылдап отырмыз". Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігіті туралы жаңа дерек белгілі болды
Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты тағы бір жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, енді бағдарлама қызметкерлері Жәнібектің әкесін іздемек.

"Достар, Жәнібек балам жайлы соңғы ақпарат. Астана-Стамбул-Барселона-Мальорка-Малага бағытына шыққан Түркіш ұшағы Астанадан кешігіп ұшып, Жәнібек қалған рейстердің бәрінен кешігіп қалған, бірақ, баламыз өзі айтқандай, жолы болғыш бала екен, түрік авиакомпаниясы - үш рет ұшақ ауыстырып жететін жеріне бір ғана ұшақпен жететіндей етіп жағдай жасап, тамағын беріп, Стамбұлдан Малагаға бір ақ жететін етіп билетін ауыстырып берген. Адамға адам секілді қараған түрік ағайынға мың алғыс! Баламыздың анасы, немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) осылайша тез табылса екен деп тілеймін. Баланы Әр көрген сайын, сөйлескен сайын "тегі жақсы, тіпті мықты тектен" екендігіне көз жеткіземіз Әсел екеуміз"

Айта кетейік, бұған дейін "Жаңа міндетім пайда болды". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласы жаңалығын айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Қандағы тромбоцит неге көтеріледі?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә