"Жүрекке түскен сызат табаннан көрініс берді". Роза Әлқожа аяғын сындырып алған

"Жүрекке түскен сызат табаннан көрініс берді". Роза Әлқожа аяғын сындырып алған
Фото: instagram.com/roza_alqozha/

Танымал әнші Роза Әлқожа аяғын сындырып алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Астананы жақсы көремін ғой негізі! Он екі күн өтіпті мұнда келгелі. Құдай бірдеңе сездірген шығар?! Бұлай ұзақ қаламын деп ойламаппын… Жүрекке түскен сызат табаннан көрініс берді ме, аз күндік демалыс аяқталды солай! Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! "Дұшпан аяққа қарайды" деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқкиімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым. Жасыма сай жазылар", - деп жазды әнші. 

Өнер иесі тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға алғыс айтты.

"Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый болып барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты!.. Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! "Сынықтың көңілін сұрамайды" десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын!" - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек