Қазақстанда Наурыз басқаша тойланатын болады

Қазақстанда Наурыз басқаша тойланатын болады
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамын тойлауда өзгеріс болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі редакцияға берген ресми жауабында қазіргі уақытта барлық мүдделі мемлекеттік органмен бірлесіп Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тәсілдері әзірленіп жатқаны айтылады. 

Министрлік мәліметінше, құжат талқылауда және наурыз айының басында көпшілікке жарияланады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина