"Жертөлені жалдап тұрамыз". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт 17 жыл көлік жуатын жерде жұмыс істейтін жалғызбасты анаға баспана сыйлады

"Жертөлені жалдап тұрамыз". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт 17 жыл көлік жуатын жерде жұмыс істейтін жалғызбасты анаға баспана сыйлады
Фото: instagram.com/chelovekvmaskee

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт 4 баламен жалдамалы жертөледе тұратын жалғызбасты анаға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эльмира жалғызбасты ана. Ол - 4 баланың анасы. Көруімен проблемасы бар. 17 жыл бойы көлік жуатын жерде жұмыс істейді. Олар жалдалмалы жертөледе тұрады. 

"4 баламды 17 жыл көлік жуатын жерде жұмыс істеп бағамын. Көзім ауырады. Көлік жуатын жердің астындағы жертөлені жалдап тұрамыз. Іші өте суық, есігі дұрыс жабылмайды. Көлік жуатын жердің клиенттері әжетхана деп ойлап кіріп келеді. Көлік көргім келмей қалды. Басқа жұмысқа ауысайын десем, көзім жарамайды. Бастысы, балаларымды жақсы оқытсам деймін", - дейді видеода Эльмира.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бұл отбасыға баспана сыйлайтынын айтады.

"Бір керемет күні жараларыңыздың барлығы гүлдей жайнайтын болады. Бүгін Алланың қалауымен сізге  сол күн нәсіп етіп тұр. Бұйырса көзіңізге ем аласыз және сіздер үйлі болдыңыздар. Құтты болсын", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

А. Жапатова