"Айдың күннің аманында көзден жасты сорғалатты". Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады

"Айдың күннің аманында көзден жасты сорғалатты". Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Ұзынағашта балаларға жасалған шабуылға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. Оқиға өнер иесінің жүрегіне қатты тиген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, бейбіт заманда мұндай сұмдық жағдай орын алып жатқанына күйінді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

"Айдың-күннің аманында, елдегі бейбіт заманда көзден жасты сорғалатты. Ұзынағашта бір үйдің балаларын байлап қойып, ересек адам қорлаған. Кіп-кішкентай балапандардың бетін пышақпен тілуге қалай қолы барды екен? Адам деуге келе ме? Балалардың ата-анасы сол сәтте қайда болған? Заң неге әлсіз? Қоя берсең сұрақ көп. Бірақ мәселе басқада болып тұр. Ес тоқтатқан ересек адам мұндай жауыздыққа міз бақпай бара алуында. Байқайсыздар ма, жыл сайын балаларға жасалатын жауыздықтың деңгейі жан түршіктіріп келеді. Ол жазаланғанымен қорланған балалардың психикасын қайтеміз? Салдарымен емес себебімен күресу шарт. Күзде КарЛаг-та болдым. Ондағы балаларға жасалған жауыздықты тыңдағанда санама ауыр соққы болғаны рас. Бүгін де мына бүлдіршіндердің жайына алаңдап отырмын. Бұл біздің қоғам, оны өзгерту де біздің міндетіміз! Қайтсем екен", - деп жазды өнер иесі. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы