"Туған қызым болса деп армандаушы едім". Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарды

"Туған қызым болса деп армандаушы едім". Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Желідегі парақшасында туған қызы болғанын армандағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Продюсер бала кезінен қыз туралы армандағанын жеткізді.

"Кішкентайымнан туған сіңілім болса деп, есейген соң туған қызым болса деп жұрттарға қызығып, көп армандаушы едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса деп тілейтінім тағы бар.

Аллаға шүкір келіндерім жаман емес, сол арманымды Алла қабыл етсін!" - деп жазған продюсер.

Сонымен қатар, бүгін 12 ақпан продюсердің кенже келінінің туған күні. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қай ұлына көбірек ұқсайды?" Гүлзира Айдарбекова жолдасының жас кезіндегі суретін бөліскені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза 2024. Намаз оқымайтын адамға ораза ұстауға бола ма?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә