Қара бетперде таққан жігіт отбасы мен дертке шалдыққан бауыры үшін оқуды тастап кеткен жасөспірімді қуантты

Қара бетперде таққан жігіттің бұл жолғы кейіпкері - Ислам. Ол 17 жаста және анасы мен төрт бауырын асырап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның қарындасы бауыр циррозы ауруымен ауырады, оған дереу трансплантация жасалуы керек. Ал анасының жүрегі ауырады. Ол отбасымен пәтер жалдап тұрады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 17 жастағы жігіт қарындасының еміне ақша керек екенін айтып, видео түсірген. Қара бетперде таққан жігіт осы үндеуді көріп көмектесуге келгеннін айтып, жұмыс орнына барған.

"Екі жыл бұрын қарындасым бауыр циррозымен ауырып қалды, мектепті тастап, жұмыс істей бастадым. Дәрігерлер дереу бауырды ауыстыру керек деді. Біз алтаумыз. Үй бір бөлмелі, біздікі емес. Қазір жартысынан азын жинадық. 32 000 доллар жинауымыз керек", - деді жасөспірім.

Осы кезде қара бетперде таққан жігіт сөмкесінен конвертті алып шықты, оның ішінде баланың еміне қажет болған сома түгел тұр еді. 

"Сіздерге енді ақша жинаудың керегі жоқ", - деді қара бетперде таққан жігіт.

Тек бұл емес, сынақпен күресіп жүрген отбасын тағы бір сый күтіп тұрған еді. Бұл - пәтердің кілті.

Мұндай тосыннан келген "сыйды" көргенде, отбасы тегіс жылап қоя берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз