Танымал актриса тойына екі күн қалғанда болашақ күйеуі екеуінің ортасына әлдекімдер от салғанын айтты

Танымал актриса тойына екі күн қалғанда болашақ күйеуі екеуінің ортасына әлдекімдер от салғанын айтты
Фото: www.instagram.com/akerke_aryss

Актриса Ақерке Арыс болашақ күйеуімен үйленгелі жатқанда болған жайт туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Екі ойлы болғанда тура сол кезде, той болатын кезде әйтеуір араға түсетіндер өте көп болады ғой. Сол кезде қиналып, бір-бірімізбен ренжісіп жатқанда күйеуім "Сәл шыдасаң,  барлығы жақсы болып кетеді. Кішкене ғана шыдасаң, бұл нәрседен өтіп кетеміз" деп айтты. Адамдардың "бізге қарайтын шамасы да болмай қалады" деді. Дәл сондай. Қазір шүкір Аллаға, ешкіммен кем емессіз", - деді ол НТК телеарнасындағы Revunews бағдарламасына берген сұхбатында.

Актриса тойға санаулы той қалғанда қайын енесі қолдау көрсеткенін айтты. Қазір де оның басты мотиваторы екен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан