- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бельгиядан жауап келді":...
"Бельгиядан жауап келді": анасын іздеген Жәнібекке қатысты жаңа ақпарат шықты
Әлеуметтік желіде бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Баланың анасы әлі де іздестіріліп жатыр. Осы орайда танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты жаңа деректі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, "Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне хат жолдаған.
"Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшісі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан мырзадан жауап келді. Хат мазмұнында Жәнібек Жұмағұлов көмек сұрап, Бельгиядағы елшілікке жүгінбегені жазылған. Бұл мәлімет бұған дейін де бізге белгілі болатын. Өйткені, Жәнібектің айтуынша, бала 16 жасында асырап алған адамнан бөлек кетіп, кәмелеттік жасқа толғанда тіпті Испанияға кетіп қалған. Сондықтан анасын іздеп, Испаниядан келген болатын. Елшілік хатындағы екінші мәлімет: бала асырап алу орталығы өкілінің хабарлауынша, Жәнібектің асырап алынуы асырап алу агенттіктерінің қатысуынсыз, жеке, тікелей болды. Сондай-ақ, осы орталықтың өкілі бұл бала кәмелетке толғандықтан, қандай да бір есептерді, ақпаратты сұрауға немесе осыған байланысты қадамдар жасауға құқы жоқ дегендей жауап алдық", - деді Қымбат Досжан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Кейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова