"Неге бәрің қырылып қалмайсыңдар, жепутаттар?" Дәулет Мұқаевқа орынсыз сұрақ қойған оқырманы сөз естіп қалды

"Неге бәрің қырылып қалмайсыңдар, жепутаттар?" Дәулет Мұқаевқа орынсыз сұрақ қойған оқырманы сөз естіп қалды
Фото: Дәулет Мұқаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев оқырманының "орынсыз" сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушысы депутаттың ауырғаны туралы әңгімесіне таңданысын білдіріпті.

"Ой қойшы депутаттар да ауыра ма не? Неге бәрің қырылып қалмайсыңдар, жепутаттар?" - деп жазған әлеуметтік желі қолданушысы.

Депутаттың сөзінше, қазір осы сипаттағы пікірлерді көңілге алмауды үйренген.

"Негізі деймін да, осындайлар давление көтереді. Бұрын біреу негатив жазса, қатты көңіліме алатын едім. Білмеймін, қазір күлкім келеді. Кейде осындай ойда жүретіндерді аяп кетемін. Нең бар, депутаттарды қырып. Біз қырылып қалсақ, орнына басқа да депутаттар келеді ғой. Мемлекет депутат, министр, әкімсіз қалмайды. Біреуге өлім тілемей, әркім өзіне өмір тілеген абзал", - деп жазды депутат.

Сонымен қатар, ол былтыр қайтыс болған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімованы еске алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова