Биыл мамырда Қазақстанда мерекелерге орай демалыс күндері көп. Соның бірі - Қазақстан халқының бірлігі күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамырдағы мерекелер:
- 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма);
- 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (бейсенбі);
- 9 мамыр - Жеңіс күні (сенбі, демалыс 11 мамырға ауыстырылады);
- 27 мамыр - Құрбан айт (сәрсенбі).
1 мамырдағы демалыс
- Бес күндік жұмыс аптасы үшін: 1, 2, 3 мамыр - қатарынан үш күн демалыс.
- Алты күндік жұмыс аптасы үшін: 1 мамыр - демалыс; 2 мамыр - жұмыс күні; 3 мамыр - жексенбі, демалыс.
Суреттер: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!