1 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады

1 қыркүйекте Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығына арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы

30 тамызда күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +14...+16 градус болады.

31 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус болады, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +12...+14 градус шамасында болады.

1 қыркүйекте күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +13...+15 градус болады.

Алматыдағы ауа райы

30 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус болады.

31 тамызда күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус болады.

1 қыркүйекте күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +21...+23 градус болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget