1 келі артық жүк үшін де, 5 келі артық жүк үшін де бірдей ақша төлейді: FlyArystan-ға қатысты тергеу басталды

1 келі артық жүк үшін де, 5 келі артық жүк үшін де бірдей ақша төлейді: FlyArystan-ға қатысты тергеу басталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматыда бәсекелестік саласындағы заңнаманы бұзған бірнеше дерек анықталған. Бұл туралы ӨКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұржан Нұрланұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, FlyArystan әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Департамент компания қол жүгінің артық салмағы үшін нақты артық мөлшеріне қарамастан бірдей ақша алғанын анықтаған.

"Яғни 1 келі артық жүкпен жүрген жолаушы да, 5 келі артық жүкпен жүрген жолаушы да бірдей ақы төлеуге тиіс. Нарықта нақты артық салмаққа қарай сараланған төлем тәжірибесі бар екенін көріп отырмыз. Бұл тәсілден бас тарту тұтынушылардың құқығын шектейді. Сондықтан әуе компаниясына қатысты тергеу басталды", - деді Нұржан Нұрланұлы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget