Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы әлеуметтік желіде отбасылық өмірлері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде өнер иесінің жұбайына оқырмандары отбасылық мәселелерге қатысты сауалдар қойған.
"Тақсырға қатты ренжіген кез болды ма?" - деп сұрады оқырмандарының бірі.
"Ерлі-зайыпты болған соң реніш те болады ғой. Бірақ дәл қазір бізде 1000% түсінушілік. Ұрыссақ та сәлден соң дым болмағандай жүре береміз", - деп жауап берді Фариза Жұманова.
Сондай-ақ, әншінің жұбайы оқырмандарына кеңес те берді.
"Отбасы болу оңай емес, бірақ әйел адам ақылды болу керек. Керек кезде ауызды жауып. Кейін ер адам басылғасын сөйлесіп алуға болады. Біз 1-2 жыл жаман қырылып қалатын едік. Бірақ әр нәрсеге уақыт та керек демекші, қазір шүкір. Арасында ұрысамыз, бірақ тез қайтамыз", - деп жауап берді әншінің жұбайы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!