Паркинсон ауруының алғашқы белгілері қандай?

 Паркинсон ауруының алғашқы белгілері қандай?
Фото: depositphotos.com

Паркинсон ауруы - ең көп таралған нейродегенератив аурулардың бірі. Жыл сайын мұндай жағдайлардың саны артып барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алғашқы белгілері

Паркинсон ауруы - неврологиядағы ең көп таралған аурулардың бірі, бұл ауру кезінде психоэмоционалды, сөйлеу, сенсорлық және вегетатив функциялар бұзылады, ал қарт адамдарда мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі.

Аурудың алғашқы белгілерін білу өте маңызды:

  • дірілдеу,
  • қозғалыс баяулауы,
  • бұлшықеттің қатаюы,
  • тепе-теңдік бұзылуы, жүре алмау.

Дегенмен Паркинсон ауруын бастапқы кезеңде анықтау өте қиын, өйткені белгілері өте жеңіл болады. Ауру уақыт өте келе дамиды, белгілері айқын көріне бастайды. 

"Ерте анықтау және терапия аурудың дамуын бәсеңдетуге және өмір сапасын жақсартуға көмектеседі. Бүгінгі таңда заманауи емдеу және оңалту әдістері бар", - деді дәрігерлер.

Емдеу жолдары

Паркинсон ауруын емдеуде мынадай негізгі бағыттар бар:

1) нейропротекторлық терапия;

2) симптоматикалық терапия;

3) хирургиялық емдеу;

4) физикалық және әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Айта кетейік, 2020 жылы елде Паркинсон ауруымен ауыратын 27 000 адам тіркелген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget