Дәрігер тұмау кезінде не жеуге болмайтынын айтты

 Дәрігер тұмау кезінде не жеуге болмайтынын айтты
Фото: ru.freepik.com

Тұмау кезінде дұрыс тамақтану емді ауыстыра алмайды, бірақ ол жағдайды жеңілдетіп, жылдам сауығуға көмектеседі. Ал зиянды тамақтар жеу, керісінше, ағзаның қалыпқа келуін кідіртіп, аурудың ұзаққа созылып кетуіне ықпал етеді. Тұмау кезінде қандай тағамдардан бас тарту керек? Бұл жайлы терапевт және гастроэнтеролог Сергей Лопатин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Фастфуд

Адамдар жиі тұмау кезінде өзіне босаңсуға мүмкіндік береді. Тұмау кезінде шынымен де демалған дұрыс. Ол жылдам сауығуға көмектеседі. Адамдардың тұмауратқанда тәбеті болмайды. Бірақ тәбеті ашылған кезде олар фастфуд секілді зиянды тамақтар жегісі келеді.

"Мұндай тағамды сау адамның өзіне қорыту қиынға соғады, ал ауырған кезде ол өте қиын тапсырмаға айналады. Фастфуд асқазан-ішек жолына күш түсіреді, сондықтан ағза барлық күшін патогендерді жоюға емес, асқорытуға жұмсауға мәжбүр болады", - дейді гастроэнтеролог.

Шоколад, тәттілер, газдалған сусындар

Тұмау кезінде рациондағы пісірмелер, шоколадты батончиктер және басқа да тәттілерді азайтқан жөн.

"Олардың құрамында жылдам көмірсулар мен қант өте көп. Олар иммунитеттің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді, - дейді маман. – Рационда қанттың көп болуы сондай-ақ ағзаның микрофлорасында ауру тудырғыш бактериялардың көбейіп кетуіне қолайлы орта жасайды. Бұл қабыну процестерінің дамуына қосымша әсер береді".

Дәрігер сондай-ақ дүкенде сатылатын шырындар мен газдалған сусындардан бас тартуға кеңес берді.

Консевілер мен шұжықтар

Консервіленген өнімдердің ең басты кемшілігі – тұздың көп болуы. Тұздың көп болуы ағзаның сусыздануына ықпал етуі мүмкін. Ал ол тұмауды асқындырып жібереді. Осы себеппен тұмау кезінде өңделген ет өнімдерінен де бас тартқан дұрыс.

Сүт

"Бұл көпшілік ойламаған өнім болуы мүмкін, - дейді Сергей Лопатин. – Себебі жылы сүт - тұмауды емдеуге арналған кең таралған халықтық әдіс. Алайда ол құрғақ жөтел және тамақ қышығанда көмектесуі мүмкін, ал ылғал жөтел және мұрын бітелгенде керісінше жағдайды нашарлатады. Сүт шырыш түзілуін ынталандырады: ол қақырық мөлшері мен мұрыннан шығатын бөліністі арттыруы мүмкін".

Кофе және қою шай

Аз мөлшердегі кофе сергуге көмектеседі. Ол кейде тұмауратқанда пайдалы болуы мүмкін. Алайда көп мөлшердегі кофе мен қою шай мазасыздық пен ұйқысыздықты ынталандыруы мүмкін. Бұл тұмау кезінде ағзаның қалыпқа келуіне кедергі келтіреді.

"Олар сондай-ақ несеп айдағыш әсерге ие, - деп тсіндірді дәрігер. – Бір жағынан, ол улануды жеңуге көмектеседі, екінші жағынан ағзаның дегидрациясын күшейтіп, науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сондықтан мұндай сусындарды азайтқан жөн және оларды міндетті түрде жылы күйінде ішу керек. Ыстық сусын қабынған тамақ шырыштысын тітіркендіруі мүмкін".

Алкоголь

Алкоголь ағзаның иммунды жүйесінің қорғаныш қызметін төмендетеді және оны вирустар, бактериялармен күресу мүмкіндігінен айырады. Сондай-ақ алкоголь дәрілік препараттармен үйлеспейді және олардың әсерін азайтады.

Аллергия беретін өнімдер

Әсіресе, аллергиясы бар адамдар рационды жоспарлау кезінде абай болу керек. Тұмау кезінде ішетін дәрілер мен кей нақты өнімдер үйлесімі аллергия беруі мүмкін.

"Мысалы, мұндай аллергия беретін кең тараған үйлесімге аспирин мен құрамында салицил қышқылы бар өнімдер жатады. Ол әдетте жеміс-жидекте болады: мандарин, шабдалы, қараөрік, құрма, шие, қауын және қызыл жүзім, - деп ескертті Сергей Лопатин. – Алайда ол бал, жалбыз немесе түймедақ шайы және кей көкөністерде (баялды, кәді, қиыр, қызыл бұрыш) де болуы мүмкін".

Оқи отырыңыз: Көктемгі аллергия: Білу керек 15 кеңес

А. Жапатова