Балаңызбен бірге көлікпен сапарға шығуды жоспарладыңыз ба? Сапарыңыз жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін алдын ала қамданыңыз. Мамандар нені ескеру керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Нәрестені қозғалыс бағытына қарсы орнатылған автобесікпен (0+ санаты) тасымалдау керек. Бесікті алдыңғы орындыққа да, артқы орындыққа да қоюға болады, алдыңғы орындыққа қойған жағдайда қауіпсіздік көпшігін ажырату керек.
Бұл жастағы балалар бойы мен салмағына сәйкес келетін балаларға арналған автоорындықта отыруы керек. Алдыңғы және артқы орындыққа да отырғызуға рұқсат етіледі.
Егер баланың бойы 150 см-ден жоғары болса, стандартты қауіпсіздік белдігін пайдалана аласыз немесе автоорындық, бустерді пайдалану қажет.
Кәдімгі қауіпсіздік белдігін пайдаланып, кез келген жолаушылар орнында тасымалдауға рұқсат етіледі. Қосымша құрылғылар қажет емес.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз