Қазгидромет 7, 8, 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мереке күндері қарсаңында Қазақстан аумағында наурызға тән құбылмалы ауа райы болады. Циклон мен атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр, қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста, оңтүстікте кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі. Ал оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін.
9 наурызға қарай еліміздің батысы мен солтүстік-батысына қайтадан арктикалық суық ауа массалары тарайды. Соның әсерінен түнде батыста ауа температурасы 5-15 градус аязға дейін, ал солтүстік-батыста 15-25 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы одан әрі жоғарылап, көктемнің жылы лебі сезіледі.
11 наурыздан бастап елдің орталығы мен шығысында да ауа температурасы төмендейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!