Үлкен қала тұрғындары ұйқының жетіспеушілігінен, уақытылы демалса да ұйқының қанбауынан зардап шегеді. Оны жеңу үшін не істеуге болады?
Ұйқы қанбаудың себептері
Маусымдық себептерден басқа, үнемі ұйқы келуді тудыратын бірқатар басқа факторлар бар. Олардың қатарында: әртүрлі аурулар, ұйықтайтын уақыттың әртүрлі болуы, психологиялық ауытқулар, дәрі-дәрмектің жанама әсерлері, оттегінің жетіспеушілігі, денеге сұйықтыңтың жетіспеуі және жүктілік.
Одан қалай арылуға болады?
Алдымен оның себебін анықтау керек. Дәрігерге барыңыз, әрдайым өзін шаршаңқы сезіну себебін білу керек. Ол үшін арнайы анализдер тапсырыңыз. Егер денсаулығыңызда мәселелер болмаса, онда мына кеңестерді іске асырыңыз.
Біріншіден, күн тәртібін өзгерту. Күнделікті бір уақытта ұйықтап және бір уақытта ояну. Кем дегенде 7 сағат ұйқы адамға күш-қуат сыйлайды. Одан кем немесе артық уақыт әдетте ұйқының қанбауына себеп болады.
Мүмкіндік болса, ұйықтар алдында серуендеу. Осылайша адам денені оттегімен қанықтырады. Миға оттегі жетіспеген жағдайда адам өзін шаршаңқы сезінеді. Сондықтан ұйықтар алдында жатын бөлмені желдетіп алу керек.
Диетаны өзгерту. Әсіресе күзде жиі ұйқымыз келеді. Ол кезде ағзаға түсетін D дәрумені азаяды. Оны диета арқылы толықтыруға болады. Ақуыз, көмірсу, микроэлементтерге бай тағамдарды таңдау керек. Сондай-ақ суды естен шығарму керек. Ағза күнделікті қажетті таза су мөлшерін алуы тиіс.
Ұйқының себептерінің бірі — күйзеліс. Күйзелістен шығу үшін кәсіби маман көмегіне жүгінуге болады. Кейде тіпті адамның өзі жай қадамдар жасай алады. Мысалы, ашық түсті киім кию, жиі адамдармен кездесу, қызықты іс-шараға қатысу.
Ұйқыны бірден не ашады?
Кофе, қант, энергетикалық сусындар. Шамадан тыс тұтынбаса, олар қуат бере алады. Әрине, оларды жиі қолданбаған жөн.
Жаттығу. Бірі орында отырмай, жиі қимылдауға тырысу керек.
Таза ауа. Үзіліс жасап, кем дегенде бес минут сыртқа шығып, таза ауамен дем алуды үйрену керек. Бұл адамға қуат береді.