Осы аптада әлемге танымал хирургтар тобы әлемдегі ең сұлу әйелді анықтады. Олар 23 жастағы топ-модель Белла Хадидтің бет-пішіне идеалға жақын деп есептейді. Есептейді демекші, бұл сұлулар рейтингін анықтауда ежелгі гректер ойлап тапқан "алтын торкөз" жүйесі пайдаланылған.
Оған сай, Белланың пропорциялары, нақтырақ айтсақ, мұрын, көз, құлақ пен ернінің орналасуы мен формасы 94,35%-ды құрады. Яғни, 100 пайызға сәл-ақ жетпей тұр.
Бір қызығы, оның туған әпкесі Джиджи Хадид ондыққа да ілікпеді. Екінші орынға тұрақтаған Бейонсе пропорциялары 92,44%-ға тең. Сұлулар үштігін Эмбер Херд (91,85%) қорытындылайды.
Айтқандай, Белланың иегі осы тізімге енгендердің ішіндегі ең мінсізі, ол 99,7%-ды құрады. Көздері әдемі Скарлетт Йоханссон болса, бас пішіні бойынша Бейонсе (99,6%) алда.
Сонымен, толық тізім мынадай:
1. Белла Хадид – 94,35%
2. Бейонсе – 92,44%
3. Эмбер Херд – 91,85%
4. Ариана Гранде – 91,81%
5. Тейлор Свифт – 91,64%
6. Кейт Мосс – 91,05%
7. Скарлетт Йоханссон – 90,91%
8. Натали Портман – 90,51%
9. Кэти Перри – 90,08%
10. Кара Делевинь – 89,99%