- Негізгі бет
- Сән
- Келді көктем! Қандай...
Келді көктем! Қандай аяқ киім киеміз, қыздар?
Бар болғаны бір-екі күнде көктем мезгілі түндігімізді түрмек. Қыздар, біз дайынбыз ба? Әрине, көктем шығысымен-ақ жеңіл аяқ киімдерді кие қоймаймыз. Қырсық қыстың қыңыр мінезінің жазылғанын күтеміз. Күн шуағын аямай шашып, айнала құлпырғанда, біз де қалыспайық. Ендеше, бүгін біз сіздерге көктемнің сәнді аяқ киімдер үлгісін көрсетеміз.
Көбелегі бар аяқ киімдер көктемнің жаршысындай болмақ.
Жолбарыс терісінің түсімен сәнделген биік өкшелі аяқ киімдер де сәннен шыға қойған жоқ.
Көктемде гүлді спорт аяқ киімінің де дәурені жүрмек.
Көк пен қара түстің үйлескен сәні сіздің көктемдік биік өкшелі туфлиіңізден көрініс тауып жатса, тіпті керемет.
Көктемнің ортасына қарай мата баулы аяқ киімдер ерекше сәнге айналмақ.
Қан қызыл туфлилерге де шек жоқ!
Биік өкшеден шаршасаңыз, мынаны іле кетіңіз.
Сонымен қатар, сізді көктемде алдында желбіршегі бар туфлилер күтуде.
Туфлидің өкшесізін қаласаңыз, мына жеңіл аяқ киімді киіп алыңыз.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: mail.ru
А. Әбілхан