Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Сән / Аяқ киім өкшесінің түрлері

Аяқ киім өкшесінің түрлері

Аяқ киім өкшесінің түрлері

Бастапқыда өкшелі аяқ-киім ерлер үшін ойлап табылғанын білетін бе едіңіз? Нақтырақ айтсақ, аяқ киім үзеңгіде жақсы бекітіліп тұруы үшін XII ғасырда салт аттыларға арналып жасалынған болатын. Қыздар мен әйелдер әр ғасырда биігірек, сымбаттырақ болуға талпынған. Сол себепті орта ғасырда да он бес сантиметрлік биік өкшелерді киген деген мәліметтер бар. Қазіргі таңда биік өкшелі аяқ-киім қыздармен бірдей ассоциацияланады.

Өкше деген кезде бірден биік өкшелі аяқ киім ойымызға келетіні анық. Алайда, сол өкшелердің өзі бірнеше түрге бөлінеді екен.

1. Веналық өкше


Бұл өкшелердің ішіндегі ең кішкентайы. Биіктігі 0,5-2 см-ді құрайды. Мұндай өкшелі аяқ-киім кез келген қызға жарасады және күнделікті киімдермен жақсы келеді. Туфлидің сырт келбетіне байланысты веналық өкшені көйлектермен де, шалбарлармен де киюге болады.

2. Кірпіш өкше


Бұл өкшенің биіктігі 2-4 см құрайды. Түр-әлпеті шағын және төртбұрышты формасының арқасында тұрақты болып келеді. Мұндай өкшелер көбіне ерлердің аяқ-киімінде пайдаланылады, бірақ әйелдердікінде де кездеседі.

3. Сына тәрізді өкше


Өкшелердің бұл түрі кез келген биіктікте бола береді. Бірақ басқалардан өз формасы арқылы ерекшеленеді. Сыртынан төңкерілген үшбұрыш призмаға ұқсайды. Мұндай өкшелі аяқ-киімдер бәріне жарасады әрі аяқты тартымды етіп көрсетеді.

4. Бақташылық өкше


Өкшенің мұндай түрінде артқы жағы кішкене шығыңқы болады. Мұндай өкшелі аяқ киімді киюге әркімнің батылы бара бермейді. Алайда киген қыздардың ерекше стилін айқындап тұрары анық.

5. Конус тәрізді өкше


Биіктігі әртүрлі болғанымен, көбіне биік өкшелі болады. Мұндай өкшелер төңкерілген конус пішініне ұқсас.

6. Рөмке-өкше


7 см-ден аспайтын шағын өкше. Негізінде жалпақ болып келіп, астыға қарай тарылған. Аяқтары тура рөмкені еске салады. Мұндай өкшелі аяқ-киімді биік өкшеден қашатын бойы ұзын қыздарға киюге болады. Сонымен қатар мұндай өкшелі туфлилерді латынамерикалық би бишілері киетінін байқаған шығарсыздар.

7. Бағаналы өкше


Мұндай өкшелі аяқ-киімдердің ең аласасы 5 см болып келеді. Бұлар нағыз биік өкшелер. Бағаналы өкше тік әрі жалпақ. Жерде жақсы тұрады. Мұндай өкшелі етіктер киген ыңғайлы.

8. Танкеткалы өкше


Мұндай өкшелердің биіктігі 5-30 см құрайды. Табаны жайпақтала келіп, үстіге қарай көтеріңкі болады. Көбіне платформамен біріккен. Жерге тұрақты әрі ыңғайлы болып саналады. Бірақ мұндай өкшелі аяқ киіммен көлік жүргізу қауіпті екенін ұмытпаңыз.

9. Шпилька өкше


Ең танымал және кең таралған өкшелердің бірі. Бұл өкшелердің биіктігі 8 см-ден басталады. Өте жіңішке және биік. Оның негізігі арқауы - үшбұрышты стилет. Мұндай өкшелі туфли киген қыз өзін тартымды сезініп, бейнесіне биязылық сыйлайды. Қазір танымал болғанымен, өкшенің бұл түрі тек ХХ ғасырдың ортасында пайда болыпты.

Өнертапқыштар биік өкшелі туфлилерге құмар аруларға көлік айдағанға ыңғайлы туфлилер ойлап тапқан екен. Мұндай аяқ киімнің ерекшелігі биік өкше аяқ-киім табанындағы арнайы саңылауға тығылып қалады. Нәтижесінде көлікті өкшесіз аяқ киіммен басқаратын боласыз. Сонымен қатар, ұлтанындағы ерекше қатпары педальға жақсылап ұстасып тұруға мүмкіндік береді.

Суреттер: fashiony.ru, beautyindetails.ru, zanogy.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

27770 23
Рейтинг: +1

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 20 ақпан 2013, 15:02
Пікірлер
+0
20 ақпан 2013, 15:59

Бағаналы өкше ұнайды )

+0
20 ақпан 2013, 16:10

Мен саудагерге веналық өкше таптырмайтын өкше ғой

+0
20 ақпан 2013, 16:19

жайтабандарға не жетсін! бірақ әйтеуір осыларға құмармыз)) маған бағаналы өкше ыңғайлырақ) (тоқылдап кететіні болмаса)

+0
20 ақпан 2013, 16:27

Ай, Мәкәлөк, маған да бағаналы өкше ұнайды :)

+0
20 ақпан 2013, 16:27

Сосын өкше 12-ғасырда емес, кезінде сақтар ойлап тапқан

+0
20 ақпан 2013, 16:29

Өкше киіп үйрете алмадым өзімді)

+0
20 ақпан 2013, 16:48

ең әдемісі жайтабандысы.

+0
20 ақпан 2013, 17:45

жайтабандыда, баганалыныда, рюмка тарiздiнiде, шпилканыда унатамын, арi киiп журм. Бiрак, жайтабан ерекшегой iшiнде. :)

+0
20 ақпан 2013, 17:53

еркектер биік өкшені қыздар әдемі болып жүрсінші деп ойлап тапқан ғой :lol: :lol:

+0
20 ақпан 2013, 18:12

Осы бойы аласа қыздар қанша биік өкше киес де бойлары аласа болып тұрады, ал ұзын қыздар 5 см-ге жетер жетпес биік өкше кисе 2 метр сияқты болып кететіні неге екен? :?

+0
20 ақпан 2013, 22:36

Ия ол рас келисем :D

+0
21 ақпан 2013, 01:05

өкшесі ұзын туфли киген қыздың фигурасы әдемі көрінеді :mrgreen:

+0
21 ақпан 2013, 01:36

ешқайсысы веналық өкшеге жетпейді ғой...

+0
21 ақпан 2013, 11:05

;)жай табан аяккимге не жетеди ;)

+0
21 ақпан 2013, 18:02

Бақташылық)

+0
22 ақпан 2013, 17:06

менің әлсіз жерім оооой ойй оййй енді қайттім а?! шетінен керемет. көздің жауын алады. Не деуші еді әлгі,,,,,,,,,,-" я верю в любовь первого взгляда-если это туфли" :lol: сол ғой

+0
22 ақпан 2013, 17:08

рөмке өкше мен шпилька ұнамайды ...бффффф :P

+0
24 ақпан 2013, 12:51

қаншалықты биік және ынғайлы болса соншалықты жақсы, мен үшін)))

+0
27 наурыз 2013, 10:19

МЕНин жасым небари12де мен тателериме карап не кисе соган кызыгып журемин ойткени менин Айгерим Жанабергенова деген татем модель мен сонын киген киимдерине карап киинемин маган биик окшели шпилька жане де балетка унады баскалары онша емес

+0
30 наурыз 2013, 17:30

барлығы да әдемі екен, биік өкшелі аяқ киіммен әдемі жүресің. :)

+0
30 наурыз 2013, 17:31

бірақ зияны да бар :(

+0
04 сәуір 2013, 10:40

конус тәрізділер ұнайды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...