Жазда кию керек 7 мата

Жазда кию керек 7 мата
Фото: unsplash.com

Жазда киімнің стильді ғана емес, сондай-ақ ыңғайлы болуы маңызды. Әйтпесе, терлеуіңіз, жылдам шаршауыңыз және жалпы сыртқы түріңізді бұзып алуыңыз әбден мүмкін. Сол үшін жазғы киімдердің табиғи маталардан тігілген түрлерін таңдаған жөн. Жоғары температураларда өзіңізді жайлы сезінуге көмектесетін мата түрлерін ұсынамыз.

Зығыр

Зығыр жаздың аптап ыстық күндеріне өте жақсы келеді. Себебі зығыр дене температурасын түсіре алады және артық ылғалды сіңіріп алады. Бұл мата тығыздығымен ерекшеленетіндіктен, ол пішінін жақсы сақтайды және жинақы киімдер тігуге жақсы келеді. Мысалы, жейде, белдемше немесе жазғы сарафан. Сонымен қатар, зығыр — ол табиғи антисептик. Оның бетінде саңырауқұлақ споралары мен патогендер тірі қалмайды. Бұл материал, әдетте, аллергия бермейді.

Шамбре

Мақта матаның бұл түрі XVI ғасырда Францияның солтүстігінде пайда болды. Бастапқыда шамбрені зығырдан дайындады, бірақ XIX ғасырдың басына қарай оны дайындауға арналған негізгі материал мақта болды. Сол уақыттарда шамбрені жұмысшылардың униформаларын тігуге қолдана бастады. Бір қарағанда шамбре денимге ұқсайды. Бірақ джинс киімдерге қарағанда шамбре қатты емес және ол жазғы киімдер тігуге келеді. Бұл матадан жиі шорты, сарафан және жейде тігеді.

Шифон

Бұл мата түрін мақта талшықтары, жібек немесе полиэстер тордың ілмекөрімі жолымен алады. Шифон — жеңіл және жартылай мөлдір мата. Одан стильді жазғы көйлектер, белдемшелер және жейделер тігеді. Мұндай киімнің жиі астары болады. Шифоннан тігілген киім жазда қатты терлетпейді және ол қыртысталмайды.

Жібек

Ыстық мерзімге табиғи жібек те, жасанды жібек те келеді. Бұл жұмсақ мата жақсы күлтеленеді және теріні салқындата алады. Жасанды жібектің табиғи жібектен айырмашылығы — ол антибактериялық қасиетке ие емес. Жібек — аса күтімді қажет ететін материал. Жібек киімді жұмсақ құралдарды қолданып, қолмен жуу ұсынылады. Оны төмен температурада ішкі жағынан үтіктеу керек.

Шыт

Айшықталған шыт XI ғасырда Үндістанда пайда болды. Шыт жұқа және нәзік мата болғандықтан, ол ыстық ауа райына жақсы келеді. Ерекше ілмекөрімнің және жіптер құрамының арқасында шыт тез кебеді. Бірақ шыт матадан тігілген киімдерді қолмен жуу ұсынылады. Себебі мата өте жұқа болғандықтан, жоғары айналымдарда шайған кезде ол жыртылып кетуі мүмкін. Қазір шыт матадан тігілген сарафандар қайта сәнге оралуда.

Район

Танымал заманауи маталардың бірі — район. Оны өндіру күрделі процесс. Вискозаның сұйық қоспасы металл капсуладағы өте ұсақ тесіктер арқылы сүзгіден өткізіліп, арнайы ваннаға салынады. Сол жерде ол қажет пішінге келеді. Район — өте жұқа мата, ол ауаны жақсы өткізеді және терімен жанасқанда ыңғайсыздық тудырмайды. Одан тек жазғы киім ғана емес, төсек-орын жабдығын да тігеді.

Мақта

Бұл әмбебап мата түрінен киімнің түр-түрін тігеді. Табиғи мақта — өте берік мата. Сондықтан да оны қанша жусаңыз да, өзінің бастапқы түрін сақтайды. Сондай-ақ ол ылғалды жақсы сіңіреді және ауа алмасуымен қамтамасыз етеді.

А. Жапатова