Қыздың сыртқы келбеті оның мансап жолына қалай әсер етеді?

Қыздың сыртқы келбеті оның мансап жолына қалай әсер етеді?
Фото: envato.com

Халықаралық Еңбек ұйымының 1958 бөліп-жару туралы Конвенциясына сәйкес, жұмыс барысында адамды жыныстық белгілеріне қарай бөлу дұрыс емес және оған жол беруге болмайды. Құжат бойынша 174  ұйым жұмыс істейді. Соған қарамастан гендер мәселесі әлі де жойыла қойған жоқ. 

Ірі компанияларда әлі күнге дейін әйел адамдарды "киіміне қарап" жұмысқа қабылдап, артық салмағын немесе бетінде бояудың жоғы не тым қатты болуын сынға алады. Сол себепті әйел адамдар жылына орташа есеппен он жұмыс күнін жұмысқа жиналуға жұмсайды. Аустралиялық Mozo банк қызметі ұсынған деректерге сүйенсек,  барлық әйел шаш және бет күтіміне арналған косметикаға $15 миллион жұмсайтыны белгілі болған. Ал, ер адамдар болса жыл сайын небәрі $7 миллион шығындайтыны анықталған. 

Жұмысқа қабылдау барысында әйелге косметика қалай көмектеседі?
Америкалық ғылымдар мен Procter & Gamble өкілдерінің екі бөлімді зерттеу жұмысына шамамен 268 әйел адам қатысқан. Нәтиже бойынша макияждың болуы әйел адамға құзыреттілік беріп, оларды айналадағы адамдарға тартымды етіп көрсетеді.  Төменде көрсетілген суретте макияжсыз, табиғи макияж, "біркелкі кәсіби" және сәнді макияж жасалған бір адамның түр бейнесі бейнеленген. Табиғи макияж адамдардың сол әйелдерге деген сенімін арттырса, кәсіби макияж оларды тартымды етіп көрсететіні белгілі болған. 

Дегенмен, түйіндемеде макияж жасалған кейіптегі суреттің болуы алғашқы жалақы сомасына әсер етуі мүмкін. Бояусыз, қара шашты қыздарға зерттеу жұмысына қатысушылар жылдық айлығын, макияжды қыздарға қарағанда 2,7%-ға артық берген. Қызыл шашты үміткерлерге айлық әлдеқайда аз ұсынса, сары шашты қыздарға ұсынылған айлық мөлшері 4% төмен болған.

Салмақ жұмысқа қабылдау барысында қалай әсер етеді?
Әйел адамның дене салмағы 1%-ға артқан жағдайда оның табысы 0,6 пайызға, ал 13-15 жыл ішінде қызметтегі жұмыс өнімділігі 0,4 пайызға төмендейтіні белгілі болған. Оған 1986 жылдан 2001 жылға дейін АҚШ табыс динамикасын панельде зерттеу (PSID) орталығы ұсынған статистика дәлел. 

Флорида Университетінің дерегі бойынша қалыпты салмақтан 11 килограмға арық қыздар, қалыпты денедегі қыздарға қарағанда $15 572 көбірек табыс тапқан. Ер адамдарда керісінше, арық еркектер $8 437 азырақ тапқан. Олардың табысымен қатар, килограмдар да өсіп отырғаны белгілі болған. 

Колорада университеті мен Миннесота университеті ұсынған деректер бойынша, ер адамға қарағанда, әйел адам салмақ кесіренен көбірек бөліп-жаруға ұшырайтыны анықталған. Мысалы, толық әйелдерді жұмыс барысында 27,7% бөліп-жарса, толық ер адамдарда бұл көрсеткіш — 12,1%. Сонымен қатар, артық салмағы бар қыздар 6,6% жағдайда, ер адамдар 4,1% жағдайда ғана жұмысқа қабылдаудан бас тартады.

Киім әйелдердің жұмысқа қабылдауына қалай әсер етеді?
MBA бағдарламасының 106 студенті арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша әйелдер ерлерге қарағанда киімге көбірек көңіл бөледі. Ал,  жынысына қарамастан менеджер не жоғары мансапты қызметкер өздерінің сыртқы бейнелеріне көп көңіл бөледі: киім оларға "өзгелердің эмоциясын басқаруға" және өзін неғұрлым құзыретті сезінуге мүмкіндік береді.6

Киім стилі шынымен де көшбасшы әйелдерді өзгелердің қабылдауына әсер етеді. 144 қыздың қатысуымен жүргізілген зерттеу көрсеткендей, қатаң (ұзын белдемше мен түймелі жейде), оның күнделікті еркін стиль (тізеден жоғары белдемше және ашық жейде) әйелдің мансабына қарай сынға алынады. Мысал, менеджер әйел қысқа киген жағдайда оның құзыреттілік деңгейі төмендеген. Төменгі қызметтегі әйелдерге бұл айтарлықтай әсер етпеген.  

Бұл — халықаралық статистика мен зерттеу жұмыстары. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда сырт келбет пен киім әйел адамдардың мансабына қаншалықты әсер етеді?

Т. Есқали