- Негізгі бет
- Сән
- Жігіттерге қыздардың қандай...
Жігіттерге қыздардың қандай киім-кешегі ұнамайды?
Бүгін біз жігіттерге қыздардың киім-кешегінен өздеріне қайсылары ұнамайтыны туралы сөз қозғаймыз. Бұл - жігіттердің көпшілігінің ортақ пікірі. Қыздар, дайын болыңыздар!
Жігіттерге ешқандай да шашқа тағатын бұйымдар ұнамайды. Мәселен түрлі шашқа таққыштар, әдемі әшекей бұйымдарды іліп алудың түкке де қажеті жоқ. |
Мұндай шалбарларды "аладдин" немесе "Али баба" деп те атайды. Әлемдік сәнде бұл киімдер үш жыл бұрын жарық көрді. Мұндай киімдегі аруларды жігіттер көргенде көздеріне жөргектегі баланы елестетеді.
|
Әйелдердің бұл киім үлгісі туралы бір жігіт "Енді жүре бастаған менің жетпісінші жылғы анамның кішкентай шағын елестетеді" депті.
| |
Осы бір австралиялық аяқ киім жайлы жігіттер "Суық болса да, болмаса да, таза жерге де, лас жерге де тастамай киеді. Мұны киіп алғанда аяқтарының әдемілігі де байқалмайды" деп арызданады.
|
"Мұндай аяқ киімді қыздар ұзақ киіп жүрмесе екен. Ал егер ұзақ күннен кейін шешсе, аяқтарында қызыл із қалады. Оның үстіне бұл аяқ киім қыздардың әп-әдемі аяқтарының сәнін құртады", - дейді жігіттер.
| |
Жігіттердің бірден-бір ұнатпайтыны - қыздардың смокинг киіп алғаны.
|
Жігіттер бұл киім жайлы былай дейді: "Қысқа комбинезондағы қыздарды көре қалсақ, көзімізге құрылысшы елестейді". | |
Үлкен көлемді көзілдіріктегі арулар жайында жігіттер "Көгерген көзін жасыру үшін тағатын шығар" деп ойлайды. "Бетімен бірдей көзілдіріктің қажеті қанша екен?"- деп дал болады. |
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: moy-stil.ru, season.kz
А. Әбілхан