- Негізгі бет
- Сән
- Палаццо шалбарын қалай...
Палаццо шалбарын қалай киеміз?
Көктем-жаз мерзімінің басты трендтерінің бірі – палаццо шалбары. Бұл шалбардың ерекшелігі – саннан бастап кең болуы. Ол барлық типті дене пішініне жарасады. Қажет болса, артық салмақты да жасырады. Бірақ көбі оны қалай дұрыс кию керегін білмейді.
Палаццо 20-30-жылдары сәнде болды және жағажайға арналған киім ретінде шығарылды. Сондықтан олар өте жеңіл матадан тігілді. Ал қазір оны кез келген матадан тігеді, сол үшін де оны кез келген жерге киюге болады.
2020 жылдың басты түсі классикалық көк болды. Ол көктем-жаз гардеробына жақсы келеді. Бірақ одан да ашық әрі қанық түстерге мән беріңіз: нәзік лимон, алқызыл, теңіз толқыны, қызғылт-сары, жасыл немесе күлгін. Мұндай қанық түсті шалбарды қарапайым базалық футболкамен үйлестірудің өзі жеткілікті.
Былғары киімдер сәнге айналды. Бұрын әр қыздың гардеробында былғары леггинсы болатын. Ал қазір денеге жабысып тұратын киімдер біртіндеп артта қалып, орнына бос тұратын киімдер келіп жатыр. Сол секілді палаццо шалбарының да былғарыдан жасалған түрін алуға болады. Ал жаз мезгіліне оның вискозадан жасалған түрін алуға болады.
Палаццо шалбарын классикалық кроссовкамен үйлестіруге болады. Ол кезде шалбар сәл ұзын болып, алдыңғы жағы кроссовканың үстінде жиырылып тұрғаны жақсы. Ал оны биік тақалы аяқ киіммен кисеңіз, визуалды түрде бойыңызды ұзартып көрсетеді.
Сандары үлкен қыздардың кең шалбар алғаны дұрыс. Оны кез келген футболкамен киіп, беліңізді белбеумен айқындауға болады.
Соңғы кездері сәнқойлар стильді көріну үшін палаццо шалбарымен мынадай лайфхактар жасайды:
- Шалбар балағын дөрекі бәтеңкенің ішіне салады;
- Шалбар балағын аяқ киімнің ұзын бауымен орайды.