Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Көктемгі сән-2020: Былғары жейде

Көктемгі сән-2020: Былғары жейде

Көктемгі сән-2020: Былғары жейде

Жаңа көктем маусымында сәнде болатын жейделердің ішіндегі лидері деп былғары жейдені айтуға болады. Эко-былғарының артықшылығы – ол жылы және әмбебап материал. Оның қарапайым үлгіде тігілген түрін базалық киім ретінде қолдануға, ал ерекше түрінен мерекелік киім үлгісін жасауға болады.

Түрлі түсті былғары

Қара эко-былғары – сәннен шықпайтын материал. Сондықтан қара былғары жейде алсаңыз, оны әлі бірнеше жыл қатарынан сәнді етіп кие аласыз. Бірақ дизайнерлер бұл маусымда түрлі түсті эко-былғарыдан тігілген жейделер де ұсынды. Мысалы: жасыл, сарғыш, қызғылт-сары және қызыл былғары.

Көпқабаттылық

Соңғы бірнеше жыл қатарынан көпқабаттылық трендте екенін білеміз. Былғары жейденің тағы бір артықшылығы – оны пиджактың немесе джинс күрткесінің орнына кие алу мүмкіндігі. Былғары жейде жылы болғандықтан, оны кез келген киімнің сыртынан (футболка, свитер, толстовка және т.б) жұқа күртке ретінде кие аласыз. Мұндай жейдені жаздың салқын кештерінде серуендеуге шыққанда киюге болады. Сондықтан оның кең тұратын үлгісін алған жөн.

Leather total look

Қазір көпқабаттылықпен қатар бастан аяққа дейін бір түсті немесе бір материалдан тігілген киімдер кию де сәнге айналды. Стилистер бұлай бірдей түсті немсе бір-бірлеріне жақын реңкті киімдер киюдің артықшылықтары көп екенін айтады. Мұндай киім үлігісі өте стильді көрінеді, дене пішінін сымбатты етіп көрсетеді, визуалды түрде бойды ұзартады және т.б. Сондықтан дизайнерлер leather total look ұсынып отыр: мысалы, былғары жейдені былғары шалбармен немесе былғары миди белдемшемен киюге болады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 28 ақпан, 12:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.