Стилистер жиі қолданатын 3 үйлесімді комбинация

Стилистер жиі қолданатын 3 үйлесімді комбинация

Киім үлгісі тұтас әрі әдемі көріну үшін оның үсті мен астын дұрыс үйлестіре алу керек. Назарларыңызға стилистер жиі қолданатын 3 үйлесімді комбинацияны ұсынамыз.  

Скинни шалбар +  көлемді жейде

Қазір кең тұратын шалбарлар сәнге айналып, денеге жабысып тұратын тар шалбарлар мен лосиналар артта қалып барады. Сондықтан сүйікті скинни шалбарыңыз стильді көріну үшін оның үстіне көлемді жейде киіңіз. Мысалы, скинни шалбарын оверсайз жейде, джинс күртке немесе бірнеше өлшемге үлкен футболкамен киіңіз. Мұндай үйлесімді модель Хейли Биберден жиі байқауға болады.

Кең шалбар + тар жейде

Қазіргі сәндегі кең шалбарды денеге жабысып тұратын водолазкалармен немесе свитерлермен үйлестіруге болады. Сол арқылы беліңізді, дене пішініңізді айқындай аласыз.

Көлемді жейде мен кең шалбар + белді айқындау

Оверсайз жейделер мен костюмдерді кең шалбарлармен үйлестірсеңіз, міндетті түрде беліңізді белдіктің көмегімен айқындауға тырысыңыз. Дене пішінін айқындаудың тағы бір әдісі – көлемді жейдені шалбардың ішіне салу.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Марадона мәңгілік сапарға аттанды
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Ұзақ өмір сүру үшін қанша сағат ұйықтау қажет?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Назарбаев университетінің жатақханалары қандай?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Түр-түс атаулары қайдан шыққан?
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Жайдарбек Күнғожинов: Ат, машина және отпен жұмыс істеу қашан да қауіпті
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады
Official! Головкин 18 желтоқсанда жекпе-жекке шығады