Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Сән сөздігі: Күзгі және қысқа аяқ киімдер

Сән сөздігі: Күзгі және қысқа аяқ киімдер

Сән сөздігі: Күзгі және қысқа аяқ киімдер

Кей жағдайда интернет дүкендерден өзіміз қалаған аяқ киім түрін іздеу кезінде оның қалай аталатынын білмей жатамыз. Бүгінгі материалда әйел адамдарға арналған аяқ киімдердің сән сөздігін ұсынамыз. Бұл жерден күзгі және қысқы танымал аяқ киімдердің түрлері мен анықтамасын оқи аласыздар.

Тимберленд бәтеңкесі
Бұл сары бәтеңкелер бастапқыда ағаш кесушілерге арналған арнайы аяқ киім ретінде жасалған. Себебі оның табаны мен үстіңгі жағы тікпей-ақ жабыстырылатындықтан су өткізбейтін болған. Аяқ киімнің және Тимберленд брендінің атауы ағылшын тілінен аударғанда "орман алқабы" дегенді білдіреді. Оның жақсы сапасы мен ыңғайлылығы үшін бұл бәтеңкелер көпшіліктің ойынан шығып, күнделікті киюге болатын күзгі аяқ киімнің біріне айналды. Ал оның сарғыш түсі тимберлендтің классикалық түрі болып саналады.

Хайкер бәтеңкесі
Хайкерлер бастапқыда тауда серуендеуге арналған. Хайкерлердің баулары өте берік, табаны қалың әрі кедір-бұдыр және қонышы тобықтан жоғары болады. Сән әлемі бір орында тұрмайды: олар спорттық аяқ киімдерді күнделікті өмірге келетіндей етіп шығарады. Дөрекі аяқ киімдер соңғы кезде сәнге айналғанын білеміз. Солардың бірі – хайкерлер.

Ботильон
Ботильон – сәннен шықпайтын аяқ киімнің бірі. Бірақ әр мерзім сайын оның түрі сәл өзгеріп тұрады. Ботильон – қысқа қонышты, орташа немесе биік өкшелі, әдетте, теріден және күдеріден жасалатын етік. Оның қонышы қысқа болғандықтан киюге ыңғайлы болып келеді.

Челси
Әйелдерге арналған челси аяқ киімі 60-жылдары өте танымал болды. Қазір де ол – ыңғайлы әрі стильді күзгі аяқ киімнің бірі. Оның ерекшелігіне қысқа қонышы, биік емес жалпақ өкшесі, дөңгеленген басы және екі жанында созылмалы резеңке ендірмесінің болуы жатады.

Казаки
Казаки аяқ киімін ковбой етігі деп те атайды. Оның ерекшелігіне аяқ киім басының ұзындау болып келуі жатады. Оның басы созылған төртбұрышты немесе үшкір болуы мүмкін. Ал қонышының ұзындығы әртүрлі болады, бірақ міндетті түрде кең болады. Ол, әдетте, былғарыдан жасалады. Оған кейде металл детальдар қояды немесе ковбой стилінде кестелейді. Биыл күзгі аяқ киімдердің ең сәнді етігінің бірі – казаки екенін ескерте кетейік.

Слауч
Слауч етігі 80-жылдары сәнде болды. Ол – қазір сәнге қайта оралып жатқан етіктің бірі. Оның атауы "slouch" ағылшын сөзінен алынып, солай аталып кеткен. Ол "салбырап тұру" дегенді білдіреді. Себебі бұл етіктің ерекшелігі – оның қонышының жиырылып, сәл төмен қарай түсіп тұруы. Сондықтан да жұмсақ теріден дайындалады.

Тік етік (pipe boots)
Сапалы жасалған тік етік ешқандай түймегі мен сыдырма-түймелігі болмаса да оңай киіліп шешіледі. Себебі мұндай етіктің қонышы кеңдеу және оның созылмалы астары бар. Мұндай етіктің өкшесі жоқ немесе орташа өкшесі бар түрі – қысқа арналған керемет аяқ киім. Биік аяқ киіммен мұздың үстімен жүру қауіпті. Тік етіктер теріден немесе терінің орнына қолданылатын материалдан дайындалады.

Шұлық-етік (boots stockings)
Бұл қонышы өте ұзын және аяққа қатты жабысып тұратын етік. Оны көбіне күдеріден жасайды. Бірақ принті бар матадан немесе велюрден жасалған түрлері де кездеседі. Ол аяқта колготка сияқты көрінеді. Оның өкшесі бар және жоқ түрлері бар. Дегенмен, оның тік өкшесі бар түрлері танымал. Бірақ оны күнделікті жүріске кию мүмкін емес. Мұндай етіктің қонышы өте ұзын әрі тар болғандықтан оны жиі қысқа көйлектермен немесе белдемшемен киіп жатады. Себебі шұлық-етіктің қонышына шалбардың балағы сыймайды.

Ботфорт
Ботфорт – аяқта әдемі көрінетін етіктің бірі. Қонышының ұзындығы тізеден жоғары тұратын аяқ киімнің бәрін ботфорт деп атайды. Оның шұлық-етіктен айырмашылығы – қонышының сәл кеңдігі. Сондай-ақ оның жай табанды түрлері көптеп кездеседі.

Ридинг етігі
Ридинг етігін бастапқыда атқа мінетіндер киген. Ридингтер – аристрокаттық тұлғалардың таңдауы. Сондықтан бұл етіктердің сапасы жоғары бағаланған. Оның ерекшелігіне ұзын және тік қоныш, қысқа өкше, ұзын әрі дөңгелек басы жатады. Қазір оның ешқандай әшекейлері жоқ, тегіс біртүсті түрлері сәнге айналды.

Веллингтон
Атауы ерекше естілгенімен бұл кәдімгі резеңке етік. Ағылшын тілді елдерде оны веллингтон (оны герцог Веллингтон киген) деп атайды. Қазір оның біртүсті, әртүрлі түсті және жылытылған түрлері көптеп кездеседі. Мұндай етіктер жылдан жылға кең таралып, түрлі принттері мен суреттері бар түрлері де шығып жатыр. Ол жаңбыр жиі жауатын қалаларда тұратын адамдарға арналған керемет аяқ киім.

Үрілген аяқ киім (дутики, луноходы)
Мұндай аяқ киімді жиі синтетикалық материалдардан, күдері немесе трикотаж матадан жасайды. Оның табаны өте қалың және кедір-бұдыр болып келеді. Ал қонышы үріліп тұрады. Ол жұмсақ, ыңғайлы және жылы аяқ киім.

Угги
Угги – кең таралған аяқ киімнің бірі. Оның зияны туралы сөздер көп қозғалса да, оның ыңғайлылығы мен әмбебаптылығы үшін көпшілік одан бас тарта алмайды. Угги – жұмсақ, жеңіл және жай табанды етік. Оның түрлері өте көп.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pinterest.com
Қосылған күні: 11 қазан, 16:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.