Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Кез келген жастағы әйелге үйлесетін киімдер

Кез келген жастағы әйелге үйлесетін киімдер

Кез келген жастағы әйелге үйлесетін киімдер

Сән әр жастың өзіне сай ережелерін ұсынып отырады, алайда әйелдің жасына қарамастан бәріне бірдей жарасатын киімдер де бар. Ендеше, барлық әйелге үйлесетін киімдерді ұсынамыз.

Қарындаш-белдемше
Қарындаш-белдемше қазір классикаға айналып үлгерді. Ол кез келген жастағы әйелдерге жараса береді. Мұндай белдемшенің миди ұзындықтағы түрі кез келген дене пішініне үйлеседі. Соңғы жылдары қарындаш-белдемше тек кеңсе киімі болуды қойып, күнделікті киім үлгісінен орын алуда. Мысалы, 2019 жылдың күз-қыс мерзімінде былғары киімдер сәнге айналып жатыр: соның ішінде, миди ұзындықтағы былғары қарындаш-белдемшелер де бар. Сонымен қатар, биыл қара джинс матасы сәнге оралды. Сондықтан қара джинстан тігілген, алдында немесе жанында қиығы бар, миди ұзындықтағы қара джинс белдемшесіне мән берсеңіз болады.

Қайықша туфли
Қайықша туфли сәнге және уақытқа қарамастан кез келген әйелді әдемі етіп көрсетеді. Егер бойыңыз қысқа болса, аяқты ұзартып көрсету үшін оның денеңізге сәйкес түсін таңдауға болады. Қайықша туфлиді кеңсе киімдерімен немесе casual стиліндегі киімдермен (мысалы, ақ футболка мен джинс шалбар) үйлестіруге болады.

Ақ жейде
Ақ жейде әйел гардеробына қажетті міндетті киімдер тізіміне кіруі тиіс. Ол кез келген жастағы әйелдерге арналған әмбебап киім болып саналады. Ақ жейдемен түрлі киім үлгісін жасауға болады. Қазір сәнде – денеге кең тұратын oversize жейделер.

Біртұтас джинс шалбар
Джинс шалбарының түрлі үлгісі бар. Алайда балағы тік түрлері әмбебап болып саналады. Соңғы кездері оның клеш түрлері қайтадан сәнге айналды. Егер бойыңыз қысқа болса, аяғыңызды ұзартып көрсету үшін клеш шалбарды өкшесі биік аяқ киіммен киіңіз.

Тренч
Тренч – стильдің классикасы. Түсі сарғыш-қоңыр және пішімі классикалық тренч – кез келген жастағы әйелге жарасатын киімдердің бірі. Burberry брендінің тренчтері эталонға айналды. Әрине, бұл брендтің киімі өте қымбат, алайда қазір масс-маркеттен оған ұқсас түрлерін табу қиын емес. Тренчті жаздың салқын күндері көйлектің немесе басқа да кез келген жазғы киімнің сыртынан киюге және күзде жылы киімдермен киюге болады.

Кең балақты шалбар
Денеге жабысып тұратын шалбарлар әйелдердің барлығына бірдей жараса бермейді. Ал кең балақты шалбарлар дене пішінінің пропорциясын теңдестіруге көмектеседі және денеге ыңғайлылығымен ерекшеленеді. Оған қоса, 2019-2020 жылдары кең балақты шалбарлар сәнде болады.

Джинс күртке
Джинс күртке – әмбебап әрі төзімді киім. Сондықтан оны бірнеше жыл қатарынан барлық мезгілде киюге болады. Оны кез келген жастағы әйел кие алады және онымен түрлі киім үлгісін жасауға болады.

Көйлек
Әйелдің нәзіктігін айқындай түсетін киім түрі – ол әрине, көйлек. Көйлек кез келген әйелге жарасады. Дизайнерлер жылдан-жылға түрлі көйлек үлгілерін ұсынып отыр. Алайда, өзіңіздің дене пішініңізге сай келетін түрін мұқият іздеңіз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 22 тамыз, 15:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.