Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Қандай түс сәттілік әкеледі?

Қандай түс сәттілік әкеледі?

Қандай түс сәттілік әкеледі?

Үнді астрологтары аптаның әр күніне Күн жүйесінің нақты ғаламшары сәйкес келеді деп санайды. Әр ғаламшардың өз мінездемесі мен жеке түсі бар. Ендеше, мынадай заңдылық туады: егер күніңіз барынша өнімді әрі сәтті өтсін десеңіз, сол күнгі аспан шырағының реңкінде киініңіз.

Дүйсенбі
Дүйсенбіні Ай басқарады, сондықтан ол күні барлық бастауыңызға сәттілік серік болуы үшін ашық бейтарап реңкті киімдер киіңіз. Ол кремді, күміс, сүтті-ақ және ақ киімдер болуы мүмкін.

Сейсенбі
Сейсенбіні Күн жүйесінің төртінші ғаламшары Марс басқарады.  Оның беті қызыл түске боялғандығы белгілі, сондықтан бұл күні қызыл түстің реңктерін кию ұсынылады. Оған қызыл, қоңыр, қызыл күрең және алқызыл киімдер жатады.

Сәрсенбі
Меркурий бұрыннан ғылымның қамқоршысы болып саналған. Сондықтан барлық мүмкін білім курстары мен тренингтерді сәрсенбі күні ұйымдастыру ұсынылады. Ал ақпаратты жақсы қабылдау үшін бұл күні жасыл, сары және сұр киімдер кию керек.

Бейсенбі
Бейсенбіні Юпитер басқарады. Ол күні қызыл күрең, көк, күлгін және индиго түсті киімдер киген жөн. Бейсенбі жаңа істі бастауға арналған қолайлы күн болып саналады.

Жұма
Күн жүйесінің ең ыстық ғаламшары Венера жұманы басқарады. Жұма күні күміс, көгілдір, алқызыл және қызыл түстерге мән берген дұрыс.

Сенбі
Сенбі күні ашық түстерді ұмытыңыз. Ол күні терең көк, қою сұр және қара түс кию ұсынылады. Себебі бұл күнді басқаратын Сатурн – бояуларды жақсы көрмейтін ең ауыр және баяу ғаламшар.

Жексенбі
Жексенбіні Күн басқарады. Сондықтан жексенбіде ашық реңкті киімдер мен әшекейлерге тоқтаған жөн. Ол ақ, алтын, сарғылт және сары болуы мүмкін.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: unsplash.com
Қосылған күні: 15 тамыз, 15:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.