Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Жеңіл әрі сергітетін иіссу түрлері

Жеңіл әрі сергітетін иіссу түрлері

Жеңіл әрі сергітетін иіссу түрлері

Жаз келіп, көпшілік теңіз жағалауын аңсай бастады. Еңбек демалысына жеткенше асық. Көптен жоспарлаған саяхат, сапарлар да чемодан жинауға шақырып тұр.

Осы мезгілдің ерекшелігіне сай Chanel компаниясында жеңіл әрі сергітетін әтірлер коллекциясы бар. Les Eaux de Chanel аталатын жұпар: Paris – Deauville, Paris – Biarritz және Paris – Venise деген 3 құтыдан құралған. Бұлай аталатын себебі, Довиль, Биарриц және Венеция сынды теңіз жағалауындағы қалалар кезінде Коко Шанельдің шабыт көзіндей болған.

Парфюмер Оливье Польж жасап шығарған композициялар демалыс кезінде пайдалануға таптырмас құрамымен ерекшеленеді.

Өйткені, әр иіссуда жаздың ыстық аптабында бой сергітетін цитрус ноталары басым.

Мысалы, Paris – Deauville әтірінде базилик пен Сицилия апельсинінің аккорды сезіледі. Бұл 1913 жылы Габриэль Шанель алғашқы дүкенін ашқан Нормандия жағалауының атмосферасын береді.

Paris – Biarritz иіссуынан мұхит энергиясы еседі. Шанель жақсы көрген Биарриц курортын еске салатын әтірде інжір гүлі мен Сицилия мандаринінің ноталары бар.  

Paris – Venise аты айтып тұрғандай Шығыс пен Батысты тоғыстырған Венецияға арналады. Осы контраст ащы флердоранж майы мен тәтті ваниль арқылы берілген.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 06 маусым, 10:53
Тегтер: иіссі, әтір, жеңіл, жаз,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.