Ақ джинс шалбарды немен киеміз?

Ақ джинс шалбарды немен киеміз?
Фото: pinterest.com

Күн жылына бастағанда шкафтың түбінде жатқан киімдерді еріксіз шығара бастаймыз. Солардың бірі – қыста қолайсыздығы үшін көпшілік кие бермейтін ақ джинс шалбар. Джинс шалбар (ақ, көк немесе қара болсын) базалық гардеробтың ажырамас бөлігіне айналғанын білеміз. Оның заманауи үлгісін ("бойфренд", кең тұратын " baggy", денеге жабысып тұратын "skinny") таңдасаңыз, спорттық стильден классикалық мәнерге дейінгі кез келген киім үлгісін жасауға болады. Ақ джинс шалбармен жасалатын 3 қарапайым үйлесімді look ұсынамыз.

Базалық үйлесім

Гардеробтың кез келген киімімен жүзеге асатын мынадай ереже бар: егер киімді немен киетініңізді білмсесеңіз, біртүсті базамен үйлестіріңіз. Егер еркін спорттық шик үлгісін ұнатсаңыз, ақ джинс шалбарды оверсайз худимен (толстовка) толықтырыңыз. Егер ресмиге жақын киім үлгісін жасағыңыз келсе, ақ джинс шалбарды біртүсті және суреті жоқ футболкамен үйлестіріп, сыртынан кең тұратын классикалық торлы жакет киіп алыңыз.

Total-white

Кез келген бояулар түсімен жүзеге асатын ең қарапайым стилистік лайфхак – бір түс гаммасына жататын киімдерден тұратын total look. Соның ішінде ақ түс реңдерінен құрастырылған киім үлгісі өте әдемі көрінеді және қосымша элементтерді аса қажет етпейді. Бірақ түрлі түсті сөмке немесе мойынға арналған бірнеше қатарлы алқа артық болмайды.

Еркін киім үлгісі

Ақ джинс шалбар тек нәзік түстермен емес, сонымен қатар былғарымен және лакталған материалмен де үйлесе кетеді. Ол дениммен, мысалы, көлемді джинс күрткесімен және шашақпен не өрнекпен әшекейленген вестерн стиліндегі күрткелермен де жарасады.

А. Жапатова