Сәнді аксессуар: Шаш қыстырғышы

Сәнді аксессуар: Шаш қыстырғышы

"Балалық шақтың" сүйікті аксессуары – шаш қыстырғыш. Олар осы мерзімде дизайнерлердің сәнді топтамаларынан орын алып, сәнқойлардың "must have" аксессуарына айналды. Ендеше, сәнді шаш қыстырғыштардың түрлеріне тоқталайық. 

Інжу тасы бар шаш қыстырғыш 


Дизайнерлер шашқа арналған жасанды інжу тасы бар әшекейлерді тек қалыңдықтарға емес, қыздардың күнделікті киім үлгісіне қосуды ұсынып отыр. 2-3 шаш қыстырғышты шаштың бір жағына қыстырып тағыңыз. Олардың бірдей болуы міндетті емес. 

Жазуы бар шаш қыстырғыш 


Жазуы бар (логотип) киімдер, сөмкелер сәнде екенін білеміз. Бұл тренд аксессуарларға да, соның ішінде шаш қыстырғышына да тараған. 

Металл шаш қыстырғыш 


Металл шаш қыстырғыштар стильді әрі ерекше көрінеді. Бұл минимализмді ұнататын қыздардың көңілінен шығады. 

Тастары немесе жылтырақтары бар шаш қыстырғыш 


Киім үлгісін мерекелік етуге жылтырақтары немесе тастары бар қыстырғыштар көмектеседі. Ол үшін бір көлемді немесе бірнеше кішкентай жылтыр шаш қыстырғыштары керек. 

Түйреуіш 

Шаш үлгісіне қарапайым түйреуіштердің өзі ерекшелік сыйлайды. Қарапайым жіңішке қыстырғыштарды бір-біріне қиыстыра шаштың бір жағына тағуға болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін