Сәнді тренд: Қап-сөмке

Сәнді тренд: Қап-сөмке
Фото: pinterest.com

Қап-сөмке – осы мерзімнің сәнді трендінің бірі. Оның ең танымал түрлері былғарыдан және сабаннан жасалып, металл тоға, шынжыр, түймелермен безендірілген.

Бұл сөмкенің басты артықшылығы – сыйымдылығы, ал кемшілігі – кейде оның ішінен қажет затыңды табу қиын. Сөмке сыртынан қарағанда шағын көрінгенімен іші кең болып келеді.

Қап-сөмке сән көрсетілімдерінен жиі көрінгенімен қатар ыңғайлығы үшін сәнқой қыздардың көңілінен бірден шықты. Белдік сөмкелер биыл да сәннен шыққан жоқ, бірақ ол жаңа түрде көрінді. Мысалы, қап-сөмке түрінде жасалған белдік сөмкелер бар. сонымен қатар, биыл өте кішкентай сөмкелер және бірнеше сөмке қатарынан тағу сәнге келгенін ескерте кетейік.

Қап-сөмкенің кештерге арналған аксессуар ретінде ұстауға болатын түрлері де шықты. Клатчтың орнына осындай нәзік шағыр қап-сөмке таңдауға болады. 

Қап-сөмкенің кең тараған түрінің бірі – сырты басқа материалдан жасалып, іші мата қаптан тігілген түрі. 

Қап-сөмкенің жиі кездесетін түрі – былғары қап-сөмке. Сонымен қатар, соңғы бір-екі жылда сабаннан және пластикадан жасалған сөмкелер сәнде екенін білеміз. Ендеше, бірнеше трендті біріктіріп, сол материалдардан жасалған қап-сөмке алуыңызға болады.

А. Жапатова