Джиджи мен Белла Хадидтер туралы білмес үшін сән әлемі мен ғаламтордан тым алыс болу керек шығар. Олар жас болса да, ең ірі көрсетілімдердің подиумдарында жүр және ең беделді басылымдар мұқабасының сәнін келтіруде. Аз уақыттың ішінде танымалдылыққа ие болған әпкелі-сіңлілі Хадидтер туралы деректер ұсынамыз. 1. Джиджидің шын аты Джелена Нура Хадид, ал Белланың толық есімі Изабелла Хаир Хадид. Джиджи 23 жаста, ал Белла 22 жаста. 2. Джиджи кәсіби түрде волейболмен айналысқан, тіпті, команда капитаны болған. Белла кәсіби салт атты, ол 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуды жоспарлаған. Алайда, денсаулық жағдайына байланысты, кәсіби түрде айналысуды тоқтатқан. 3. Қыздардың анасы Иоланда Хадид, ол да бұрын модельді іспен айналысқан. Ол Vogue секілді атақты брендтермен жұмыс істеген табысты модель болған. Қыздардың әкесі Мохаммед Хадид әлем бойынша қонақүйлер, тұрғын және кеңсе жиынтықтарының иесі болып келеді. Иоланда үш баласының әкесі миллиардер Мохаммед Хадидпен 2000 жылы ажырасып, 11 жыл өткен соң музыкалық продюсер Дэвид Фостерге күйеуге шығады. 4. Джиджи модельдік мансабын бала кезінде бастаған. Ол 2 жаста болғанда Guess Kids жарнамасына түседі. 5. Белла модель болғанға дейін фотоға түсірумен әуестенген. 6. Джиджи университетте қылмыстық психологияны оқыған. Оның айтуынша, сол білімі қазір адамдарды жақсырақ тануға көмектеседі. 7. Белланың шашының табиғи түсі әпкесі Джиджидікі секілді сарғыш болған. 8. Белла Лайм (немесе Лим) ауруына шалдыққан, ол жүрекке, жүйке жүйесіне және теріге зиян келтіреді. Бұл ауру оның анасы Иоланда мен інісі Анварда да бар екен. 9. Джиджи 2015 жылы, ал Белла 2016-2017 жылдары Жыл моделі атанды. 10. Модельдер үшін Victoria's Secret шоуына қатысу үлкен дәреже. Джиджи бұл шоуға алғаш рет 2015 жылы, ал Белла 2016 жылы алынды. Модельдік бизнес және атақты болу әпкелі-сіңлілер үшін оңай емес. Оларды бір-бірімен салыстырып, кейде дауластырғысы ( кәсіби түрде, біреуін екіншісіне ауыстырып) келсе де, олар бір-біріне адал және байланысы берік болып қала бермек.