- Негізгі бет
- Сән
- Маусым тренді: градиент...
Маусым тренді: градиент түс
Сәндегі алхимия 1960-жылдары тай-дайдан басталып, қазір градиентпен жалғасуда. Градиентті хиппилер жақсы көретін тай-дай техникасының "кіші туысы" десе де болады. 1960 жылы бұл олардың артық қолдануға жауабы болатын: егер ескі киімді орап (tie), жаңа түске бояуға (dye) болатын болса, жаңа киім сатып алудың қажеті қанша?
Алайда, мұндай ерекше түсті киімдер сәнге айналып, тай-дайдың бастапқы мақсаты ұмытылып, бірыңғай, бір буынды градиентке айналды. Градиент түсті киім кемпірқосақты, еркіндікті және жұмбақ образды білдіреді.
Дизайнерлер бір дауыспен күз-қыс мезгілінде де ашық түстер болуы керектігін айтады. Суық ауа райында дәстүрлі сұр, қоңыр және қара түстер бәрібір гардеробта бірінші орында тұрады. Сондықтан дизайнерлердің кеңесіне мән беріп, ашық түсті киімдерге да назар аударып көріңіз. Жаңа маусымда ашық түстер градиентті фактураға ие болған.
Градиент түсті киімнің өзі ерекше болғандықтан, оны басқа принтті (тор, жолақ, гүлді принт) киімдермен үйлестірмеген жөн. Киім үлгісіндегі екпінді градиент киімге қойып, үйлестіретін киіміңіз градиенттегі бір түске ұқсас болуы керек.
А. Жапатова