Күз-қыс топтамасы 2018-2019: сәнді шарф

Күз-қыс топтамасы 2018-2019: сәнді шарф
Фото: pinterest.com

Термометр бағаны төмен жылжи бастағанда бірден жайлы жылы шарфқа оранып алғымыз келеді. Бұл аксессуар бас киіммен және қолғаппен тең деңгейде алдағы бірнеше ай бойы күнделікті киім үлгісінің міндетті бөлігі болады. Бұл мерзімде сәнде болатын шарфтар суық күнде жылытып қана қоймай, қысқы киім үлгісін керемет толықтыра алады. 2018-2019 жылдары сәнде болатын шарф түрлерін ұсынамыз.

Сарғыш қоңыр шарф

Сарғыш қоңыр реңктер классикаға айналды, ол тек сыртқы киімге емес, сонымен қатар аксессуарға да тарады. Нюд түсті кашемир шарф – өзіне көп зейін аудартпайтын және қиын үйлесімді қажет етпейтін деталь. Ол көлемді біртүсті мамық күрткемен де, классикалық жүн пальтомен де жақсы үйлесе береді.

Ашық түс

Топтың ішінен ерекшеленгісі келетін адамдар үшін жақсы әдіс – ашық түсті шарф тағу. Мұндай шарфтар бірден өзіне назар аудартады және қосымша детальді қажет етеді. Дизайнерлер ашық түсті шарфтарды қарама-қарсы немесе ұқсас түсті сөмкемен үйлестіруге кеңес береді.

Мәтін

Жазуы бар шарфтар спорттық стильге жақын және әрдайым кроссовкамен жүруді жөн көретін адамдарға келеді. Дизайнерлер оны үйлесімсіз етіп тағуын, яғни оның бір жағы екіншісінен едәуір ұзын болып тұруын ұсынады.

Тері

"Ерекше жағдайға арналған" әдіс – түрлі түсті теріден жасалған шарф тағу. Ол біртүсті және жайлы киімге салтанаттылық сыйлап, басты екпін болады.

Орамал

Күздің және қыстың жылы күндері киім үлгісін ашық принті бар жинақы орамалмен ерекшелеуге болады. Гүлдер, қабылан, тор – орамалда бұлардың қайсысы болса да бәрібір, бір орамалда бірнеше принт болса да әдемі көрінеді.

А. Жапатова