Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Аяқ киімді кеңейтудің 6 әдісі

Аяқ киімді кеңейтудің 6 әдісі

Аяқ киімді кеңейтудің 6 әдісі

Күзгі маусымда қыз-келіншектер гардеробы жаңа туфли және басқа да аяқ киімдермен толығады. Бірақ, арзан әрі жеңілдікпен алғаннан не пайда, сатып алған аяқ киім тар болса? Жаңа аяқ киім аяғыңызды қажамасын десеңіз, кеңестерімізге құлақ түріңіз.

1-әдіс. Аяғыңыздың мөлшеріне сай аяқ киім киіңіз

Қалжың әрине. Төмендегі кеңестер 1-2 размер кіші аяқ киімдерге арналмаған)) Кәсіби мамандар қызметін пайдаланыңыз. Аяқ киім шеберлері сіздің жаңа дүниеңізді қалыпқа салып, құйып қойғандай етіп кеңейтіп бере алады. Бұл ең оңай, ең қауіпсіз, бірақ қымбаттау әдіс.

2-әдіс. Аяқ киімді кеңейтуге арналған кәсіби құралдар

Оларды кез-келген дүкендерден, аяқ киім салондарынан сатып алуға болады. Олардың бірнеше түрі бар: крем, спрей және көбік түрінде. Қолдану өте қарапайым – құралды аяқ киімнің сыртына да, ішіне де жағып, 10-12 сағатқа қойып қойыңыз. Есіңізде болсын, күдеріден (замша) және лайктан жасалған аяқ киімдердің тек ішкі жағына жағу керек. Былғары бірден жұмсарып кетпеуі мүмкін, ондай жағдайда процедураны қайталаңыз.

3-әдіс. Механикалық құралдарды пайдалану

Арнайы дүкендерде аяқ киімді кеңейтуге арналған механикалық құрылғылар бар. Ағаштан жасалған формалар былғарыны абайлап керіп, туфли формасын бұзбайды. Күдеріден жасалған аяқ киімдер жуылған соң тарылып қалатыны белгілі. Мұндай құралдарды аяқ киімді кептіру үшін де қолдануға болады.

4-әдіс. Спирт ерітіндісі

Үй жағдайында аяқ киімді кеңейтудің ең кеңінен таралған түрі. Спирт пен суды 1:1 қатынасында араластырыңыз. Ерітіндіні бүріккішке (пульверизаторға) құйып аяқ киімнің іші-сыртына бүркіңіз. Қалыңдау шұлықпен аяқ киімді үйде жарты сағаттай киіп жүре тұрыңыз.

5-әдіс. Сіркесу ерітіндісі

Бұл әдіс аяқ киіміңіз бақайыңыз немесе өкшеңізді қысқанда тиімді. Аяқ киімнің қажайтын тұстарына сіркесудың 3% ерітіндісін жағып, аяқ формасын қайталайтын зат салып, керіп қойыңыз. Былғары жұмсарып, аяғыңызды қажамайтын болады. Айтпақшы, аяқ киімнен жағымсыз иіс шыққанда да сіркесу қышқылымен сүртуге болады.

6-әдіс. Криотерапия

Бүтін, қалыңдау целлофан пакетті аяқ киімнің ішіне салыңыз. Пакеттің ішіне су құйып, кеңістікті толтырыңыз. Пакеттің аузын буып, мұздатқышқа салып қойыңыз. Суық температура әсерінен су көлемі ұлғайып, аяқ киіміңізді кереді. Бұл әдіс тек күзгі-қысқы аяқ киімдерге арналған, себебі жазғы аяқ киімнің былғарысы суық температураға шыдамауы мүмкін.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: yandex.ru
Қосылған күні: 04 қараша 2018, 20:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.