- Негізгі бет
- Сән
- Панк стилінің негізін...
Панк стилінің негізін салушы туралы деректі фильм
Британдық Dogwoof кинокомпаниясы Вивьен Вествуд туралы Westwood: Punk, Icon, Activist ("Вествуд: Панк, икона, активист") аталатын деректі фильм дайындап жатыр. Картина режиссері Лорна Такер осыған дейін Nike компаниясы мен атақты кутурье Александр Маккуин туралы деректі фильмдер түсірумен айналысқан.
Фильмнің басым бөлігін Вествудтың дизайнер әріптестері, жұмысшылары, достары мен ұлы Джо Коррадан алынған интервью құрайды. Такердің айтуынша, Вествудтың сүйіктісі, әлем таныған музыкант Малкольм Маклар туралы да естеліктер болады екен. Картинада дизайнердің жеке мұрағатындағы таспалардан үзінділер ұсынылады.
Фильмнің ресми релизі 31 наурызға жоспарланып отыр. Бір қызығы, фильм шықпай тұрып Вествуд компаниясы өкілдері сән үйінің твиттер парақшасына мынадай пікір қалдырыпты: "Вивьеннің активистік қызметін көрсететін фильм түсіремін деген Лорна Такердің бірнеше жыл жасаған жұмысынан дизайнердің белсенділігін көрсететін 5 минуттық мартериал да таппадық. Фильм ғаламтордан-ақ табуға болатын деректер негізінде жасалған. Нашар". Бұдан кейін релизге ешкім келмейтін шығар. Не пиардың бір түрі ме екен?
А. Оралқызы