- Негізгі бет
- Сән
- Қыста күрткеден басқа...
Қыста күрткеден басқа киюге болатын 5 сыртқы киім
Қыста мамықтан жасалған күрткеден басқа сыртқы киім кигіңіз келсе, оған балама таңдау ұсынамыз.
Парка. Парканың тек хаки түсті ғана емес, басқа да алқызыл, қыша және қызыл түстері де кездеседі. Егер біртүсті киім ұнамаса, оның принті бар немесе тері жағасы бар түрін таңдауға болады.
Пальто. Жылытылған қысқы пальтолар бар. Оларды терімен де, синтетикамен де жылытады.
Джинс күрткесі. Джинс күрткесінің жылытылған түрлері шығып жатыр. Оны қыстың аса суық емес кезінде киюге болады.
Тон. Сәнге тондар оралды. Оның бохо стильдегі ұзын және былғары күрткеге ұқсайтын қысқа түрлері де бар. Олар көбінесе кең үлгіде тігіледі.
Ішік. Биыл жасанды теріден жасалған ішіктер трендте болады. Ол ұзын немесе қысқа болуы мүмкін. Оның өзіңізге ұнаған кез келген түсін таңдауға болады. Сәнді көрінгіңіз келсе, өрнегі бар (жолақ, геометрия) ішік таңдауға болады.
А. Жапатова