- Негізгі бет
- Сән
- Қысқы сән 2017-2018:...
Қысқы сән 2017-2018: ішік
Қыс мезгілінде классикалық үлгідегі ыңғайлы ішіктер сәнде болады. Бұрынғы кездері ішікті тек қаражаты көтеретін және жасы үлкейген әйелдер ғана кисе, қазіргі кезде дизайнерлер ішіктің барлық жастағы бойжеткендер мен әйелдерге жарасатын және қолжетімді жасанды түрлерін ұсынуда.
Ішіктің сәнді ұзындығы
Ұзындыққа келетін болсақ, қыс мезгілінің 2017-2018 топтамасында ультрақысқа ішік-күрткелер мен қысқартылған жартылай ішіктер жиі кездесті. Мұндай ішіктердің жеңдерін қысқартып, жағасы мен капюшонын алып тастап, теріні тек ішіктің алды мен артына қалдырған. Мұндай мини-ішіктер бауы бар бәтеңкемен де, нәзік етіктермен де үйлесім табады.
Оversize ішік
Егер тұратын жеріңізде қыс мезгілінде ауа-райы өте суық болса, oversize үлгідегі ішік таңдағаныңыз жөн. Ол денеге кең тұратындықтан, ішінен бірнеше киім қабаттап кие беруіңізге болады. Дизайнерлер мұндай ішікке ауыр бәтеңке киюді ұсынады.
Белдігі бар қынама бел ішік
Zuhair Murad, Creatures of the Wind, Miu Miu және Rochas ішіктің жеңіл қынама белді үлгілерін ұсынды. Оның белдігі болғаны жақсы. Мұндай үлгі қырқылған ішікке және тізеден тұратын ұзындыққа жарасады.
Қысқартылған жең
3/4 ұзындықтағы жеңге деген сән барлық дерлік подиумдарды жаулап алды. Мұндай жең өте нәзік көрінеді және ол түрлі затқа үйкеліп жылдам желінбейді. Қысқартылған жең көлік айдайтын бойжеткендерге де өте ыңғайлы. Қысқартылған жең ұзын қолғаптармен әдемі көрінеді.
Ұзын жеңді ішік
Сән көрсетілімдерінен ұзын жеңді ішіктердің де түрлері көптеп кездесті. Олардың классикалық бос тұратын түрлерінен басқа манжет, бүкпе және резеңкемен жиналған түрлері де бар.
Жағаға екпін қою
Жағадан бас тарту тенденциясы көлемді жайлы капюшонға айналатын жағаға жалғасты. Олар әдемі бүрмеге жиналып, суық күндері бас киімді ауыстыра алады. Simone Rocha, Fendi, Gucci, Loewe тік пішінді ішіктерді қайырма жағамен безендірді. Miu Miu, Versace және Dennis Basso нәзік етіп көрсететін көлемді жартылай дөңгелек жағалар ұсынды.
Жалғасы бар...
А. Жапатова