Күз-қыс 2017-2018: джинс шалбары

Күз-қыс 2017-2018: джинс шалбары
Фото: KupiVip

Соңғы кездері джинс материалын вельвет, барқыт, былғары және трикотаж аздап ығыстырды. Күз-қыс 2017-2018 топтамасында джинс шалбарын кей дизайнерлер ғана өз көрсетіліміне қосты. Алайда ол джинс шалбарының уақыты өтті деген сөз емес. Сән көрсетілімдерінен орын алған джинс шалбарының түрлерін ұсынамыз.

Белі жоғары тұратын джинс шалбары

Белі өте төменде тұратын шалбарлар сәннен шығып бара жатыр. Былтыр трендте болған mom-джинс шалбары және банан джинс шалбары күз-қыс мезгілінде де сәнде болады. Олардың айырмашылығы белінің жоғары тұруы және саннан бастап кең тұруында болып отыр. Мұндай үлгі кей бойжеткендерге ескі болып көрінгенімен, ол аяқты ұзартып көрсетеді және артық салмақты жасырады.

Қысқартылған джинс шалбары

Тобыққа немесе оған дейін де қысқартылған джинс шалбары – соңғы бірнеше мерзімдегі басты тренд. Олар клеш, бойфренд, кюлот болса да ұзындығы қысқартылған болса, сәнді болып шыға келеді. Мұндай шалбар бойы қысқа бойжеткендерге жараспауы мүмкін. Алайда бұл мәселені өкшесі биік аяқ киім кию арқылы шешуге болады.

Кең үлгі мен клеш джинс шалбары

Жіңшке скинни джинс шалбарлары екінші орынға түсіп, қазір олардың орнына кең джинс шалбарлары келді. Алайда пішімі түзу болғаны жөн. Осы мезгілдегі сәнді клеш тізеден басталу керек және максималды түрде кең болғаны жақсы. Клеш джинс шалбарының белі жоғары тұруы керек.

Тік джинс шалбары

Кең үлгідегі және клеш шалбарлармен тең деңгейде классикалық тік пішімді джинс шалбарлар да сәнде. Мұндай шалбардың ұзындығы кез келген болуы мүмкін, ал белі жоғары тұруы керек. Мұндай шалбар кез келген бойжеткенге жараса береді.

Балағы қайырылған джинс шалбары

Күз-қыс 2017-2018 топтамасында балағы қайырылған және бүкпесі бар джинс шалбарлар кездесті. Оның көмегімен шалбар ұзындығын түрлендіруге болады. Жалпақ манжет тік пішімді шалбарларға үйлеседі.

Құрамдастырылған деним

Жамау, ендірме, жапсырма қалта секілді қосымшалар – 2017-2018 мерзіміндегі сәнді трендтің бірі. Шалбардың негізгі түсі мен жамау реңкі бір-бірінен максималды түрде өзгеше болуы керек. Diesel Black Gold, Julia Seemann, Dries Van Noten денимді қалай дұрыс құрамдастыру керектігін жақсы көрсетті. 

Жалғасы бар...

А. Жапатова