Күз-қыс 2017-2018: етік #2

Күз-қыс 2017-2018: етік #2

Дизайнерлер жайлап «көше» сәніне мән беруде, сондықтан тренд түсінікті әрі ыңғайлы болып келеді. Олардың көпшілігін күнделіктіге киюге болады. Күз-қыс 2017-2018 топтамасында көрсетілген сәнді етіктерді талқылайық.

Басы

Ботфорд аяқ киімі

Күз-қыс 2017-2018 топтамасында дизайнерлер жылы киімдегі модель үлгісін тартымды ету үшін ботфорт аяқ киімдерін пайдаланған. Ботфорт немесе шұлық аяқ киімі аяққа жабысып тұрады және қонышы ұзын болып келеді. Мұндай аяқ киім сәнді болғанымен қатар жылулығымен қуантады. Бұрын бортфорд аяқ киімі тек подиумдардан көрінетін, қазір ол бойжеткендердің күнделікті киетін аяқ киімінің қатарына қосылып келе жатыр. 

Бауы бар аяқ киім

Бау бәтеңкемен ғана үйлесім табудан қалып барады. Бауды Philipp Plein, David Koma және Giambattista Valli дизайнерлері нәзік етіктерге де ұтымды қолданған. Бұл толқынды басқа да дизайнерлер қолдап, бауы бар ботфорд аяқ киімін, басы үшкір етіктер, қонышы қысқа етіктер және нәзік бәтеңке етіктер ұсынды. 

Тік өкше етік

Тік өкше – мезгілге қарамайтын мәңгі тренд. Қыс мезгілінде мұндай аяқ киіммен жүру ыңғайсыз болғандықтан, дизайнерлер өкше ұзындығы 3-5 см болатын етіктер ұсынды. Тік өкше етіктерге бау, түрлі материалдар және түймелер қолданылған.

Танкетка

Егер жайлылыққа бейім болсаңыз, дизайнерлер биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, ыңғайсыз тік өкшені берік танкеткаға ауыстыруды ұсынады. Алайда дөрекі әрі көлемді табан емес, нәзік табанды етік таңдаңыз.

Жалпақ әрі берік өкше

Егер базалық гардеробыңызға өзгеріс енгізгіңіз келсе, осы мезгілде өте сәнді ботфорд аяқ кимін алыңыз. Алайда оның жіңішке тік өкше түрін киіп жүруді қиынсынсаңыз, дизайнерлер оның жылпақ өкшелі түрлерін де ұсынады. Егер тікбұрышты өкшені қарапайым санасаңыз, Tory Burch және Mary Katrantzou қисық өкшелі аяқ киімдер көрсетті. 

Жай табан

Күнделікті жүріске ыңғайлы жай табанды етіктер де подиумдардан көрінді. Мұндай аяқ киім түрін шалбарлы костюммен немесе oversize үлгідегі киімдермен үйлестіруге болады. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Тоқаев коронавирус пандемиясынан қаза тапқандарды аза тұтты
Жер сілкісін сезетін тіршілік иелері
Жер сілкісін сезетін тіршілік иелері
Барбадос қашықтан жұмыс істейтіндерге 1 жылдық виза береді
Барбадос қашықтан жұмыс істейтіндерге 1 жылдық виза береді
Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Тәуелсіздік жылдарындағы азалы күндер
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны