Күз-қыс 2017-2018: пальто #2

Күз-қыс 2017-2018: пальто #2
Фото: Herstyle

Күз-қыс мезгілінде аң терісіне ұқсатып жасалған детальдары бар пальтолар сәнде болады. Сонымен қатар басқа қандай сырт киімдер сәнге енгені туралы ақпарат берейік.

Басы

Жыртқыш аң принтті пальто

Қабылан түріндегі жыртқыш принт 2017-2018 күз-қыс топтамасында сәнде болады. Дизайнерлердің көпшілігі мұндай принтті пальтоларды қатаң стильді етіп шығарған.

Абстракция

Абстракцияға деген тартылыс қысқы топтамада көптеп кездеседі. Дизайнерлер күзгі жапырақтарды немесе қыс мезгіліндегі терезедегі қырауларды пальтоларға бейнеледі.

Көк түсті пальто

Қою түстердің арасынан көк түс өте тиімді әрі ашық көрінеді. Осы жылғы топтамада көк түсті қызыл түспен араластыру негізгі тенденцияға айналды.

Ақ пальто

2017-2018 күз-қыс топтамасында ақ пальтолар да кездесті. Дизайнерлердің бірі оны total look (тұтас бір түс) түрінде көрсетсе, енді бірі ақ пен қара стилінде киюді ұсынды.

Аң терісінен жасалған пальто

Қаракүзен (норковый) тонын алуға қаржы жағынан қиналсаңыз, дизайнерлер аң терісінен жасалған пальтолар ұсынады. Аң терісінен жасалған үлкен жағасы бар пальтолар өте әдемі көрінеді. Ашық тұсті жасанды терілер де сәнді көрінеді.

Пальто-халат

Қарапайым пальто-халаттар күнделікті жүріске киюге ыңғайлы. Мұндай пальтолар барлық фигура типіне жараса береді.

А. Жапатова