Күзгі тренд: Алқызыл фламинго түсі

Күзгі тренд: Алқызыл фламинго түсі

Pantone Халықаралық Институтының мамандары осы маусымда сәнге енетін 10 түстің бірі ballet slipper реңі екенін жария етті. Нақтырақ айтсақ, бұл балет кебісінің түсі.

Былтыр өткен сән апталықтарында Алессандро Дель Аква мен Симон Порт Жакмю, Ermanno Scervino, Valentino мен Marni брендтері күзгі киім топтамаларында осы түске акцент берді. Бушра Жаррар есімді дизайнер нақты осы реңді ғана емес, сондай-ақ, соған жақын шабдалы түсті де пайдаланған болатын. Оның Lanvin сән үйіне жасаған арнайы киім үлгілерінде пудра реңді маталар пайдаланылған. Белгілі сәнгер Миучча Прада да осындай қадамға барды. Оның күзгі топтамасында алқызыл сәтен басым болды.

Биыл трендке айналып отырған нәзік түс сұр, графит, қою көк және қанық жасыл түсті киімдермен үйлесе береді. Сондай-ақ, оны тотал-лук ретінде де киюге болады. Яғни, бастан аяқ осы реңді киім кисеңіз де ерсі көрінбейді.

А. Оралқызы