Көктемгі тренд: балмұздақ түсті пальто

Көктемгі тренд: балмұздақ түсті пальто
Фото: vk.com

Әдетте арулар көктем жақындаған шақта диета сақтап, әдемі қалыпқа келуге тырысады. Сол мақсатына жету жолында тәттіден бас тартып жатады. Тәттіге құмар бикештер үшін жақсы жаңалық: оны жеуден бас тартсаңыз да, сатып алу еш зиянын келтірмейді. Тәттінің өзін емес, нақтырақ айтсақ, балмұздақ түсті пальто. Соның ішінде желатиннен жасалған италиялық балмұздақ түстерін таңдасаңыз, осы көктемнің ең сәнқой бикешіне айналарыңыз анық. Ал, классикалық: ақ, қара, қоңыр түстерді күзге қалдырыңыз.

Көктемнің шуақты күндерінде түрлі-түсті киім кию көңіліңізді көтеріп, тіпті, витамин жетіспеушілігімен күресуге де әсер етіп қалар.

Жалпы, италиялық джелато түрлері өте көп: құлпынайлы сорбет, лимонды сорбет, шиелі, лаймді, өрік пен кокос қосылған балмұздақ. 

Әрқайсысының түсіне сәйкес келетін пальто табу қиын емес. 

А. Оралқызы