Тауық жылында ашық түстер сәннен қалмайтын болады. Сәнгерлер де қою әрі қанық түстерден гөрі жылы, пастель реңктерді назарға ұсынып отыр. Сонымен қатар, киім үлгілеріне қатысты қандай пікір білдірді екен? Олай болса, қарап көрейік.
Қызғылт түстің барлық реңкі
Қызғылт, ашық қызғылт, пастельді қызғылт, раушан түсі секілді нәзік реңктер қай аруға болмасын жарасып-ақ кетеді. Түсте таңдау көп, бастысы киім үлгісін дұрыс таңдай білу керек.
Хаки
Классикалық түстер қатарына енейін деп жүрген бұл түс кейде «милитари» түсі деп те аталады. Хаки түсі көйлектердің және көлемді жейделердің биыл да сәнін ашайын деп тұр.
Гүлді принт
Ашық принттер ешқашан сәннен қалған емес. Бір қызығы мұндай принтті үлгілерді тек жайдар жазда ғана емес, ақ мамық қыста да киюге болады. Әсіресе дәл қазіргі уақытта жазды аңсаған арулар гүлді үлгілермен сағыныш басса болады.
Жолақ
Коко Шанельдің сән әлеміне қалдырған тың дүниесі – жолақ принтті киім үлгілері. 2017 жылы сәнгерлер осы жолақтарды да сәннен қалдырмауды жөн көріп отыр. Көйлектен бастап сөмкеге дейін жолақтармен бейнелетін болады. Мұндай принтті киімдерді біртүсті бұйымдармен үйлестірген дұрыс.
Спорт-шик
Классика мен спортты қатар алып жүргісі келетін аруларды жолы болайын деп тұр. Себебі, сән заңдылығы биыл да бұл үлгіге жоқ дей алмайды. Дизайнерлер спорттық кроссовка мен кардиган, пальто мен кроссовка деген секілді үйлесімдерді ашық түстерден таңдаған дұрыс деп есептейді.